Шығыста жабайы үйректер жаппай қырылып жатыр
Шығыста жабайы үйректер жаппай қырылып жатыр
Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданындағы шағын көлдің жағасынан 150-ге тарта өлі үйрек табылған деп хабарлайды сайт тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Жаппай қырылған құстарды алдымен жергілікті тұрғындар байқапты. Қазір ол жерде эпидемиологтар мен аумақтық орман және жануарлар әлемін қорғау инспекциясының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар көл суынан сынама, ал өлген үйректерден биологиялық-материал алып, елордадағы арнайы  зертханаға жіберді. Ал құстардың неден қырылғаны туралы орнитологтар да ештеңе айта алмай отыр. Зертханалық талдау нәтижесі 3 күннен соң шығады. – Өлген үйректердің саны анықталды. Комиссиялық акт бойынша 150-дей үйрек өлген. Санап, актілеп, утилизацияға өртеуге шешім қабылданды.  Не себептен өлгені зертхананың қорытындысынан кейін белгілі болады, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.