Бақытжан Тәжібай: Темекіні жарнамалау қажет емес
Бақытжан Тәжібай: Темекіні жарнамалау қажет емес
463
оқылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте қатар салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған, атап айтқанда темекі шегуді шектеуге, ішімдіктің, нашақорлықтың, семіздіктің алдын алуға арналған баптар қарастырылған. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Бақытжан Тәжібайдың айтуынша, темекіге қатысты ешбір жарнама болмауы тиіс. Ал кодекске қарсылық танытушыларды қолдаушылардың ішінде темекі компаниялары да бар. «Кодексте темекі шегуді шектейтін біршама тыйымдар бар. Оның ішінде темекі бойынша жарнамаларға тыйымның болуы, темекі сатып алуға рұқсат тек 21 жастан басталады. Дүкендерде темекіге қатысты ешбір жарнама көзге түспеу керек. Қорқынышты суреттермен темекі қораптары көрініп тұратын. Енді ешқандай ақпарат болмауы керек. Бірнеше шет мемлекеттердің тәжірибесінде бар. Бұл дұрыс шешім деп санаймыз», – деді Бақытжан Тәжібай. Кодексте тек темекіге ғана емес, сонымен қатар соған теңестірілген өнімдерге де тыйым салу қарастырылған. «Мысалы, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтарға шектеулер қарастырылған және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынған», – деді Бақытжан Тәжібай Кәсіподақ төрағасы кодекске енгізілген келесі жайттарды халық денсаулығын нығайтудағы оң өзгерістер деп есептейді.  Атап айтсақ, скринингтерді өтуге арнайы күндердің қарастырылуы, жүкті әйелдерге деген жеңілдіктер, ана мен балаға, отбасыларға деген қамқорлық, соның ішінде экстракорпоралды жолмен балалардың туылуын тегін жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке аса көңіл бөлінген, реабилитациялық қызмет дамитын болады, компьютерлік томография, МРТ сияқты қымбат деген инструменталды тексерулер тегін өткізіледі, медициналық скринингтерді өту үшін демалыс күндерінің енгізілуі, тұрғын үйлердегі тыныштық уақыттарының ұзартылуы, экологиялық аспектілердің ескерілуі, жүргізуші куәлігін аларда азаматтарды жедел жәрдем дағдыларына үйрету, мектеп оқушылары мен жастардың денсаулығына аса көңілдің бөлінуі, трансплантология, екпе жасауға да ерекше екпін берілген.