SOS – Темекі индустриясы жарнамалық бағытын 15 пен 25 жас аралығындағы жастарға бұрды
SOS – Темекі индустриясы жарнамалық бағытын 15 пен 25 жас аралығындағы жастарға бұрды
159
оқылды
Жыл сайын бүкіл әлемде 31 мамырда Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні атап өтіледі. Оның мақсаты – салауатты өмір салтына мүмкіндігінше көп адамдарды тарту, оларға өз денсаулығын бақылауда ұстауға көмектесу. 2020 жыл жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарға арналған. Қазіргі кезде 15 пен 25 жас аралығындағы жастар зиян әдеттерге әуес болуда. Зиян әдетке әкелетін көптеген факторлар бар, ал жастар ең осал топқа жатады. Темекі индустриясы өзінің жарнамасын өнімдерінің тұтынушылары ретінде жас ұрпаққа бағыттайды. Темекі өндірушілері өз өнімдерін белсенді түрде насихаттайды, оларды тартымды (қаптаманың дизайны, таңбалар, белгілер және т.б.) етуге тырысады. 20 жасқа дейін темекі шегуді бастаған жастарда тәуелділіктің пайда болу қаупі жоғарылайды. Тәуелділіктен басқа, темекі шегуден туындаған түрлі аурулардың пайда болу қаупі де артады.  Көбінесе тыныс алу, жүрек-қантамыр және асқорыту жүйелері зардап шегеді. Бұрын темекі шегушілердің арасында ер адамдар көп болатын, бірақ қазір бұл тенденция теңдестіріліп, әйелдердің саны да көбейді. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Кожакеева, тек жастар ғана емес, басқа жастағы адамдар үшін де  тәуелділіктен бас тарту, денсаулық пен ұзақ өмірге қадам жасауға ешқашан кеш емес, дейді. темекі жарнамасы
Неге 31 мамыр? 1988 жылы Америка Құрама Штаттарында өкпенің қатерлі ісігі ауруынан болатын өлім-жітімнің өсуін байқаған онколог мамандар темекі шегушілерге бір күн болса да темекіні тастауды ұсынды, бұл темекіге қарсы күрестің алғашқы қадамы болды. Бұл идея бұқаралық ақпарат құралдарында тез тарады және оң нәтиже берді. Сондықтан 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 31 мамырды Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні ретінде белгілеуге шешім қабылдады.