Жер бетінде өмір сүруге жарамсыз аумақ көбейіп барады
Жер бетінде өмір сүруге жарамсыз аумақ көбейіп барады
фото: ашық дереккөз
Жер бетінде ауа температурасының көтерілуі көптеген аумақты адамның өмір сүруіне жарамсыз етуде. Science Advances журналында жарияланған Американың ғылымға жәрдемдесу қауымдастығы мамандарының зерттеуі осыны көрсетіп отыр. Зерттеу авторларының түсіндіруінше, Цельсий шкаласы бойынша 46 градус температура ғаламшарда өмір сүретін көптеген тіршілік иелері үшін шекті меже. Осы температура ең болмағанда бір градусқа көтерілген кезде тер шығу жүйесі денені салқындатып үлгермейді, бұл организмнің өлуіне әкелеледі. Дегенмен ғалымдар Үндістан, Пәкістан, Мексика, АҚШ және Парсы шығанағы елдерінің кейбір аумақтарында шекті температураның өсуі әлсін-әлсін тіркелетіндігін атап өткен. Егер климаттың жылу процесін ертерек тоқтатпаса, осындай өңірлер халқы тығыз қоныстанған Еуропада да туындауы мүмкін.