Автопарк 136 автокөлікпен толықты
Автопарк 136 автокөлікпен толықты
210
оқылды

Аптаның алғашқы күні облыс басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтап, су жаңа жүрдек автокөліктердің кілттерін тапсырды. Қазынадан қарастырылған 1,1 миллиард теңгеге сатып алынған 136 қызметтік автокөліктің арқасында облыстық полиция департаментінің қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілуі 98,7 пайызға жетті.

Тәртіп сақшысының мін­деттерін атқаруға қажетті деп саналатын барлық керек-жарақпен жабдықталған ав­токөліктер полицияның те­лімдік инспекторларына, патрульдік қызметтегілерге, қалалық, аудандық полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне және уақытша оқшаулау орындарына беріл­ді. Алматы облысында поли­ция­ны жарақтандыру, оның ішін­де автокөліктермен қам­ту жақсы жолға қойылған. Был­тыр ғана 607,6 миллион тең­геге 102 қызметтік көлік ал­ған болатын.

– Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтама­сыз ету қызметінде ұсақ-түйек деген болмайды. Бұл салада күн сайын өзіне жүктелген міндетті атқаруға кірісетін әрбір тәртіп сақшы­сының жұмысы аса маңызды. Азаматтардың тыныштығы мен қорғалуы әрбір полиция қызметкерінің жауапкер­шілігі мен кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Мемле­кеттің қолдауы арқасында алға жылжыған жылдармен бірге ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қам­тылуы барынша нығайып келеді. Полиция қызметкері­нің тұрмыстық және қызмет­тік жағдайы да жақсара түскен. Соңғы екі жылда ғана осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінгені бұған айғақ бола алады. Осы қомақты қаржы­ның 4,5 миллиард теңгесі материалдық-техникалық базаны жақсартуға жұмсал­ған. Сондықтан сіздерден күтетініміз – өз міндеттері­ңіз­ге деген жауапкершілік пен жұмыс сапасын арттыру. Сонда ғана қылмыс пен құ­қық­бұзушылық азайып, ха­лық­тың сенімі арта түседі, – деген Амандық Ғаббасұлы қызметтестерінің алдынан көрінген тәртіп сақшыларын Құрмет грамотасымен мара­паттады.


Алматы облысында өңір­дегі полиция қызметінің тиімділігін барынша арттыру мақсатында телімдік инс­пек­торларға баспана­мен бірікті­рі­ліп салынған 177 полиция бекеті пайдалануға берілгенін де атап өткен жөн. Алдағы кезде осылай тағы 43 бекет салы­­нып, 2020 жылы облыс­тағы барлық ауылдық аумақ­тар­дағы полицияның телім­дік инспекторлары тұрмысқа қолайлы, қызметке ыңғайлы тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезде жергілікті полиция қызметкерлерін кеу­деге тағылатын бейне­жетондармен қамтамасыз ету жалғасуда. Бұл мақсатқа 370,2 миллион теңге бөлініп­ті, таяу күндері тағы да 860 бейнежетон сатып алынбақ. Сонымен бірге, жер­гілікті по­­лиция қыз­мет­кер­­лері элек­тронды хаттамалар тол­ты­ру үшін принтерлері бар 954 планшет, бірге алып жүре­тін 400 радио­стан­сымен жарақтана­ды. Облыстағы ау­данд­ар мен қалалардың қоғам­дық орындарына поли­ция депар­та­­ментінің жедел басқару орталығы арқылы қадаға­ла­на­­тын бейнебақы­лау каме­ра­ларын орнату жалғасу­да. Биыл Қапшағайда 300, Қас­ке­леңде 150 және Жар­кент­те 50 бейнебақылау каме­расы қойылады. Соны­мен бірге, Талдықорған қала­сы мен Бақанас, Кеген, Шон­­жы ауылдарына барлы­ғы 515 ка­ме­ра орнатуға жоба­л­ық-сметалық құжатта­ма жа­­сауға қаржы қарасты­ры­лып­ты. Талдықорғандағы процес­синг­тік оралықтың серверлік жабдығын жаңарту да жос­пар­ланып отырған көрінеді.

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы