Италияда маскалардың ерекше түрі шығарыла бастады
Италияда маскалардың ерекше түрі шығарыла бастады
144
оқылды
Оларды өндіруде полиуретан қолданылады. Бетпердені таққан адамның жымиғанын байқауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Алғашында бұл маскалар керең-мылқау науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер үшін шығарылған екен. Алайда соңғы уақытта дәмхана, шаштараз қызметкерлері мен тіс дәрігерлерлерінің арасында сұраныс артқан. Өндірушілердің айтуынша, ерекше масканы жуып, қайта тағуға болады. Ал оның құны – 6 еуро шамасында. Адель Маттиоли, тіс дәрігері: - Есту қабілеті нашар науқастар біздің айтқанымызды аузымызға қарап түсінеді. Сондықтан мұндай маскалар біз үшін аса қажет. Одан бөлек, науқастарға тісті қалай тазалау керектігін түсіндіргенде де қиындық туындамайды.