Бахрейнде қыздарды саудалауға қазақстандық әйелдер көмектескен
Бахрейнде қыздарды саудалауға қазақстандық әйелдер көмектескен
Фото: Интернеттен алынды
232
оқылды
Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, ­– деп жазады Tengrinews.kz. Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері түрмеге қамалды. Дереккөздің жазуынша, заңсыз топты Бахрейнде тұратын 39 жастағы ер адам басқарған. Оған төрт қазақстандық әйел көмектескен. Тағы үш бахрейндік пен Үндістаннан келген бір ер адам болған. Жоғарғы соттың үкімімен барлық 9 адам айыпты деп танылды. Олар адамдарды саудалап, секс-құлдықта ұстады деп айыпталды. Сот 4 бахрейндік пен екі қазақстандық әйелді 7 жылға, Үндістаннан келген ер адамды 3 айға, тағы екі қазақстандық әйелдің 2 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, бахрейндік екі ер адамға және қазақстандық екі әйелге 2000 бахрейндік динар мөлшерінде (2,2 миллион теңге) айыппұл салынғаны айтылады. Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелерінен 219 миллион теңге мөлшерінде ақша тәркіленгені айтылады. Олар ол ақшаны есірткі сатумен айналысқанда тапқан. Еске сала кетейік, бұған дейін Бахрейнде 20 шақты қазақстандық қыздың сексуалдық құлдықта болған хабарланған болатынбыз.