Алматы теміржол вокзалдары жұмысын бастайды
Алматы теміржол вокзалдары жұмысын бастайды
Фото: Интернеттен алынды
Бүгіннен бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты  қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде пойыздар жүре бастайды. Билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынған болатын. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастады. Коронавирус пандемиясы жағдайында «Алматыэлектротранс» ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтауға тиіс.   вокзал, Алматы, жолаушылар тасымалы Әлемді жайлаған пандемия жағдайында теміржол вокзалдары қалай жұмыс істейді? Біріншіден, көліктегі санитарлық нормалардың барлығы сақталады. Вокзалға кіреберісте тепловизордың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшенеді. Вокзалға толықтай санитайзерлер орнатылған, қызметкерлер маскамен және қолғаппен жұмыс істейді, кесте бойынша дезинфекциялық заттармен нысан іші мұқият өңделеді. Вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер мен қоршаулар қойылған. Екіншіден, қауіпсіздік ережелері бойынша вокзал ішіне тек қолында билеті бар жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді Үшіншіден, билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс жасайды. Билет алуға ниет білдірген жандар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін болашақ жолаушылар төрт адамнан жіберіледі.