Венаға әуе қатынасын ашуды ұсынды
Венаға әуе қатынасын ашуды ұсынды
142
оқылды

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Австрия Федералдық жи­на­лысының Феде­рал­дық кеңесінің төра­ғасы Инго Аппемен кездесті.

Д.Назарбаева биік мәртебелі мейманмен кездесуі барысында Австрия Қазақстанның Еу­ропа­лық одақтағы маңызды және се­німді әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Жоғарғы палата басшы­сы бұл сапар екі ел арасындағы өза­ра тиімді ынтымақтастыққа қо­сымша серпін беретініне сенім білдірді.

Тараптар парламентаралық бай­ланыстарды нығайтуға уағ­да­ласты. Сенат төрағасы Қазақстан мен Австрия парламенттерінде құ­рылған ынтымақтастық жөнін­дегі топтардың әлеуетін белсенді іске асыру, сондай-ақ бірлескен конференциялар аясында өзара іс-қимыл қажет екенін айтты.

Ол Қазақстан мен Австрияның көлік-логистика әлеуеті жөніндегі конференция өткізуді ұсынды.

– Елдеріміз аймақтық бизнес үшін тиімді орналасқан және ло­гис­тикалық хабқа айнала алады. Қазақстан Австрия үшін Орталық Азия, Қытай және ЕАЭО ауқымды нарықтарына жол ашады. Бұл мүмкіндіктерді өз елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тығын дамыту үшін пайда­лануы­мыз қажет, – деді Сенат бас­шысы.

Оның пікірінше, ауыл шаруа­шылығы мен туризм – ынты­мақ­тастықтың басым салалары са­на­лады.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тіке­лей әуе қатынасын ашу қажеті атап өтілді, ол австриялық турис­тер­дің Қазақстанға көбірек келуі­не ықпал етеді.

И.Аппе Қазақстанның тәуел­сіздік жылдары қол жеткізген ірі жетістіктеріне тоқталды және гу­ма­нитарлық ынтымақтастықты жал­ғастыруға, атап айтқанда, қа­зақстандық студенттерді Авс­трия­да оқытуға мүдделі екенін айт­ты.

Сонымен қатар кездесу кезін­де 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері тө­рағаларының «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» та­қырыбындағы 4-кеңесіне авс­трия­лық делегацияның қа­тысуы жайы да талқыланды.