Алматыда блокпоста болған жол апатында зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді.
«Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсарып келеді. Жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Емдеу жалғасады. Денсаулығын қайта қалпына келтіру мен оңалту басталды»,– дейді нейрохирург Александр Романчик.Бұған дейін полицейдің ауыр халде екенін айтқан болатын. Дәрігерлер тексеру барысында қосарласқан жарақат, басының шүйдесі, миынан қатты соққы алғанын анықтап, шұғыл түрде ота жасады. Айта кетейік, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да Алматы маңындағы блокпостажол апаты болы, оқиға салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды .