Өскеменде полицейлердің бас киімін қоқысқа әдейі іліп кеткендер іздестірілуде

Өскеменде полицейлердің бас киімін қоқысқа әдейі іліп кеткендер іздестірілуде

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қоқыстың қасына қызметтік 3 бас киімді тастап кеткен адамдарды іздестіруде. Құқық қорғау қызметкерлері киетін «фуражкалар» екені анық көрінетін бейнежазбаны Instagram қолданушыларының бірі жариялаған. Оқиға Өскемен қаласындағы аулалардың бірінде болған. Бейнежазбаның астында пікірлер де қарша борап, бірі жанашырлық танытса, бірі былапыт сөздер жазып қалдырған.  Дегенмен, Полиция департаменті бұл жайтты назардан тыс қалдырмақ емес. – Жеке құрам инспекциясы бұл фактіні тексеруді бастады, – деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі. – Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылы бойындағы үйлердегі бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, бұл бас киімдердің қоқыс контейнерлерінің қасына қалай қойылғаны анықталатын болады. Алайда, құқық қорғау органдарының «фуражкасын» қоқысқа тастағандарды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы

https://www.youtube.com/watch?v=m55L4dJ4ZzI&feature=youtu.be