Бір күнде үш спорт алаңы ашылды
Бір күнде үш спорт алаңы ашылды
Фото: Интернеттен алынды
324
оқылды
Жамбыл облысында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында, Қордай ауданы Масаншы ауылында және Тараз қаласы Қаратау-2 шағын ауданында үш әмбебап спорт және ойын алаңы ашылды. Аймақта спорт алаңдарын орнату бойынша жобаны Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп іске асырды. Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады ­– жасанды көгал және 30 көрерменге арналған мінбесі бар футбол алаңы, workout жаттығу алаңы, балаларға арналған әткеншектер, төбешіктер және құм аймағы. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен қоқыс жәшігі орнатылған. Осындай бір кешеннің аумағы – 1300 шаршы метр. Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін  халыққа арналған спорттық инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің өңірде спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба іске асырылуда, 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынады. Жыл сайын дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны өсуде. Жамбылдықтар салауатты өмір салтын таңдайды, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, алаңдарды орнатуға арналған орындарды Жамбыл облысы әкімдігі мен Samruk-Kazyna Trust қоры жергілікті азаматтық қоғаммен бірлесіп анықтаған.   Жамбыл, спорт алаңы, Байзақ, Қордай, МасаншыЖамбыл облысының әкімдігі алаңдарды орнату үшін аумақты ұсынды, Samruk-Kazyna Trust қоры алаңдарды орнатуды толық қамтамасыз етті, әрі қарай олар жергілікті атқарушы органдардың балансына олардың сақталуын қамтамасыз ету және функционалдығын қолдау үшін беріледі.
– Мұндай алаңдар балалар үшін де, ересектер үшін де қолжетімді, оларға бару – тегін. Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қала мен ауыл тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылады, – деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Әкімдік пен жобаны ұйымдастырушылар жергілікті тұрғындарды алаңдарға ұқыпты қарауға, құрылымдарды сындырмауға және аумақта қоқыс тастамауға шақырады.   Жамбыл, спорт алаңы, Байзақ, Қордай, Масаншы Айта кетейік, спорт алаңдарын жобасын Samruk-Kazyna Trust қоры «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.