Жағымсыз иіске тұншыққан тұрғындар
Жағымсыз иіске тұншыққан тұрғындар
633
оқылды
Алматы облысы Жаркент қаласы тұрғындары қолқаны кепкен иістен құтыла алмай жүр. БАҚ бетінде бірнеше рет мәселе көтерілгенімен, нәти­же болмай тұр. Сірне зауыты­нан шыққан иістен күллі аудан зардап шегіп отыр. Шаһардағы крахмал-сірне зауы­­тында 70 мың тонна жүгері өңделеді. Өйткені Жаркентте тек жүгері өсіретін 10 мың шаруа қо­жалығы бар. Зауыт иесі Закир­жан Кузиев 2017 жылы Елбасы қолынан «Алтын сапа» белгісін алған-ды. Орталық Азиядағы ең ірі өн­діріс орындарының бірі дегені­міз­бен, кейінгі бірнеше жылда зауыт­тан шыққан сарқынды су жұртты әбігерге салып қойды. Көктем келіп, күн жыли баста­ғанда-ақ аудан тұрғындарында маза жоқ. «Жаркент қаласы, Шолақай мен Көктал ауылының арасында еркін тыныстау мүмкін емес», – дейді аудан тұрғындары. Қала тұрғыны Дана Нұрмолда иіс Жар­кент­тен шығатынын, әсерінен қала маңындағы елді мекендерге тарай­ты­нын айтады. «Көктал ауы­лы­ның ор­талығына иіс кел­мегені­мен, ауыл­дың жоғарғы жағында тұра­тын­дар зардап шегіп отыр. Кі­ші­шыған ауылынан өт­кенде иіс қатты сезіледі. Ал Шола­қай ауылы тура сасық иістің орта­сында отыр», – дейді ол. иыл иіс қала маңындағы ауылдарға тараған. Зауыттан 12 км жердегі Кішішыған ауылына дейін машинаның есік-терезесін бекітіп отырасыз. Аптап ыстықта көлік ішіндегі адамның халін елестетіп көріңіз. Аталған ауыл­дан өткен соң «құтылдым-ау» дегеніңізбен, жел соқса, иіс күллі ауданға тарайды. Алматы облыстық Экология департаменті, Панфилов ауда­нының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы жағымсыз иістің пайда болу себебін анық­таған. «Крахмал-сірне зауыты­нан шыққан сарқынды мен қа­лалық канализация жүйесінен келген су Жаркент қаласының төменгі бөлігінде орналасқан сүзгілеу алаңына бірге құйыла­тын­дық­тан, күн ысыған кезде ашып, бу­ланып, желмен бірге жан-жаққа жағым­сыз иіс та­райды» деп жа­зылған хабар­ламада.    width= Мәселені шешуді тезірек қолға алмаса, Панфилов ауда­нындағы сәбилерде аллергия пайда болған. Гүлбахар Аман­су­фиева осы зиянды иістен бала­сында аллергия барын жеткізді. Өзінде, күйеуі мен басқа бала­ла­рында аллергия жоқ, ал кіші ба­ласында бар. Сондықтан ол мұны зауыттан шыққан иістен көреді. Бірнеше жылдан бері крах­мал-сірне зауытының бөлек кә­різ жүйесін салатыны сөз болған. Крахмал-сірне зауытының сар­қынды суларын бөлек төгетін сүзгілеу алаңына 4 гектар жер бөліп берілетіні де хабарланған. Қаладағы кәріз жүйесі жұмысы да реттелетіні айтылған-ды. 21 мамыр күні қала әкімі мен «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мекемесінің басшысы Жаркент крахмал-сірне зауыты­ның аумағындағы тазарту ғи­маратының монтаждау жұмысы­мен танысқан. «Зауыт қызмет­кер­лері негізгі қондырғыларды орна­татын арнайы мамандардың ке­луін күтіп жүр. Аталған маман­дар келген жағдайда монтаж жұмысы бір айдың ішінде аяқ­талады. Са­лынып жатқан тазарту ғимараты кәсіпорыннан шыққан сарқынды суды үш тазарту қа­зан­дығы ар­қылы толық тазалап, сүзгілеу алаң­дарына жібереді. Нысан то­лық іске қосылғанда иіс жойы­лады, – деп жазылған әкімдіктің Facebook парақ­шасында. Жаркент қаласы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың қараша айында аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстары техникалық себептермен жыл соңына шеге­рілген. Алайда жыл басынан басталған әлемдік пандемия құ­рылыс жұмыстарын аяқтау үшін келетін арнайы мамандарға ке­дергі келтіріп отыр-мыс. Әкімдік Шолақай ауылы маңы да, қаладағы кәріз жүйесі де сүзгі­ден өтіп, тазаратынын ай­тады. Ал аудан тұрғындары бұ­ған күмәнмен қарайды. Өйт­кені бірнеше жыл бойы осы мәселенің шешімін күт­кендер әбден қажып, үміттенуді қойған.  

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ