Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбеде желдің екпіні күшейеді
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбеде желдің екпіні күшейеді
Фото: Интернеттен алынды
144
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аумақтарда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Кейбір аумақта жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Кейбір солтүстік өңірде қатты жел соғуы ықтимал. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік Қазақстан түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Манғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысында, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.