Жаһанды зерттеудің маңызы
Жаһанды зерттеудің маңызы
Қазіргі халықаралық қатынастар жаһандық басқару­дың жаңа орталықтандырылған жүйесін қалыптастырудың белсенді үдерісіне байланысты өтпелі кезеңді бастан кешіп отырғаны анық. Бүгін әлемдік жүйедегі тектоникалық қоз­ғалыстар тарихи дәуірлердің ауысуын куәландырады. Осы жағ­дайлар әлемдік дамудың болашағын түсіну, халықаралық іс­тердегі негізгі үрдістерді талдау кез келген мемлекеттің тұ­рақ­ты дамуы мен өркендеуі үшін ерекше стратегиялық мәнге ие болады. Бұл маңызды міндетті ше­шу­ге өткен жылы Сыртқы іс­тер министрлігі жанынан ар­найы құ­рылған Сыртқы саяси зерт­теу­лер институты (СЗИ) елеу­лі үлес қосуы тиіс және ол жа­һан­дық өзгерістер жағдайында даму бағытын таңдаудың сенімді са­раптамалық құралы болады. Өйткені біздің көз алдымызда әлем геосаяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық қайта құрулардың, белгісіз мүм­кін­діктер мен жаңа қауіптер­дің кең кешенімен бетпе-бет келеді. Белсенді сыртқы саясатты жүргізу мұқият кәсіби сараптама мен болжауды талап етеді. Бұл ж­һандық өзгерістердің дина­ми­касы олардың ықтимал салдар­ла­рын түсінуден айтарлықтай озуда. Өсіп келе жатқан бәсекелестік сал­дарының бірі жаһандық инс­ти­­туттар мен халықаралық қауіп­сіз­дік саласындағы уағдалас­тық­тарды бөлшектеу болып та­былады. Экономикадағы неғұрлым күшею үстіндегі байланыс пен өзара тәуелділікке қарамастан, жаһан­дық экономика да терең дағ­дарыста. Әлем әлі де саяси тұрғыдан шиеленісіп, мәдени, діни, идеологиялық жоспардың және тағы басқалардың көптеген түрлі қайшылықтары ауыр тиюде. Ағымдағы трендтер болашақтың әртүрлі сценарий үлгілерін ұсыну­да. Тарихи декорациялардың сөзсіз ауысуын сезіну және осы сын-қатерлердің бүкіл кешенін шешу мүлде жаңа, стандартты емес тәсілдерді және күш-жігерді ха­лықа­ралық үйлестірудің сапалы өзге де деңгейін талап ететінін түсіну күшейе түсуде. Осындай белгісіз және тез өз­геретін жағдайларда мемле­кет­тің тұрақты дамуы үшін әлемдік саясат саласындағы талдамалық және болжамдық жұмыстың құн­дылығы бірнеше есе өсетіні анық. Саясатты интеллектуалды қам­тамасыз етумен, ең алдымен, кәсіби тілмен айтқанда, «ой-талқы орталықтары» немесе ой фаб­рикалары (think tanks) деп ата­латын сараптамалық құры­лым­дарға байланысты. Global Go To Think Tank Index Report деректері бойынша, қа­зір­гі уақытта елдерде әртүрлі фор­­­маттағы және әсер ету дең­­ге­йіндегі 6 500-ден астам осын­­дай орталық белсенді жұ­мыс іс­тейді. Санның үдемелі өсуі са­рап­тауға және бейтарап тал­дау­ға деген сұраныстың өсе түскенін көрсетеді. Бұл түсінікті, өйткені мұндай ұйымдар өз құзыреті мен қызметі жинақталған білім (ғылыми ор­та­да) мен саясат (әрекет ету қа­жеттілігі) арасындағы алшақ­тық­ты жеңуге көмектеседі. Сон­­­­дықтан қазіргі заманғы ой фаб­­ри­каларының жұмыс драй­вері өзінің талдамалық әзір­ле­мелерін іске асыруға және әре­кет­ке тікелей бағдар жасайды. Әдетте, «ой-талқы орта­лық­­тары» бірегей жаңа идея­лар­­ды әзірлейді, сондай-ақ мем­­лекет үшін маңызды мәсе­ле­­лер бойынша көпшілік пі­кір­­­­таластар өткізеді. Олар жо­­­ғары саяси және зерттеу бі­­лік­­тілігі бар және әрдайым ғы­лым мен тәжірибе тоғысында жұ­мыс істейді. Бүгінгі күні осы орта­лықтарды ма­ман­дандыру үрдісі байқалуда. Мы­са­лы, олар­дың географиялық не­месе функционалдық бағы­ты бойынша нақты салаға шо­ғыр­­лануы. Өмірдің барлық сала­сын интерна­цио­на­ли­за­циялауға тұ­рақ­ты трендті ескере отырып, олар­дың рөлі қазір сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастық сала­сында өте маңызды. Бұл тұрғыда СЗИ қызметі елі­­міздің сыртқы саяси бағы­тын болжамдық-талдама­лық қам­­тамасыз етуге тікелей бағыт­тал­ған. Институт СІМ жүйе­сі­не толығымен кіріктіріл­ген және Қазақстанның бар­лық ха­­лықаралық күн тәрті­бін­дегі сыртқы саясат тұжырым­да­­масының және болжамды-тал­дамалық қамтамасыз ету ере­же­лерін іс жүзінде іске асыру жө­нін­дегі зерттеулер арқылы жұ­мыс істейді. Осылайша, СІМ жанындағы институт жаһандық дамудың ағымдағы және перспективалық үрдістерін пәндік зерттеуге бағыт­тал­ған қолданбалы зерт­теу­лердің құзыретті орталығы ретінде ар­найы ұйымдастырылған және әлем­дегі жетекші ұқсас құрылым­дар­дың үздік үлгілерімен сәйкес­ті­гіне қарай құрылған. 2019 жылдың қазанында Сырт­қы істер министрі Мұхтар Тілеу­бердінің төрағалығымен инс­титуттың директорлар ке­ңе­­сінің бірінші отырысы өтті. Ол институт қызметінің тұ­жы­рым­дамалық тәсілдерін тал­қы­лауға арналды. Өткен кезең ішінде институт жоғары кәсі­би ғылыми ұжым құрамын ұйым­дас­тырды. Оның құрамына әлем­­дік саясаттың «бар сырын» бі­ле­тін қазақстандық кадрлық дип­ломаттар, сондай-ақ зерттеу жұмысының озық әдістемелерін меңгерген тәжірибелі халықара­лық мамандар енді. Институт қызметкерлерінің орталық аппа­рат және шет елдердегі мекеме­лер­дің қызметкерлерімен үнемі жедел өзара іс-қимылы СІМ кадр­лық әлеуетін күшейтуге ықпал етуде. Бұл біздің еліміздің ұлттық мүдделері мен дамуы үшін туын­дай­тын сын-қатерлерге ғы­лы­­ми жауап әзірлеу, өңірлік тәуе­кел­­дердің теріс салдарларын ерте алдын алу және барынша азайтудың әдістемелерін құру сияқты түйінді проблемалар бо­йынша қорытындылар мен прак­тикалық ұсынымдар сенім­ділік береді және Қазақ­стан­ның әлемдік істердегі ұлттық мүд­д­елері мен стратегиялық мін­­деттерін қамтамасыз етуде уа­қытылы және қажет етілетін болады. Біздің институттың кәсіби тәсілін – «Үрдістерді болжау және шешімдерді әзірлеу» деп қыс­қаша сипаттауға болады. Онда СІМ СЗИ міндеті мемле­кет­тің сыртқы саяси қызме­тін қамтамасыз ету үшін тұ­­рақ­ты түрде идеяларды ге­не­­­ра­­­ция­лау­дың сенімді көзі, сон­­дай-ақ Қазақстан басшы­лы­ғына ақпараттық-талдамалық қолдау­дың тиімді құралы болу деп көрсетілген. Осыған байла­ныс­ты институт өз алдына жұ­мыс­­тың бір­қатар басым ба­ғыт­т­арын белгіледі. Ең алдымен, өңірлік зерттеу­лер мен Қазақстанның сыртқы серіктестерін олардың ағымдағы және перспективалық даму ерекшеліктерін түсіну үшін зерттеу болды. Институт жұ­мы­­сының басқа ерекше бағы­ты – XXI ғасырдағы жаһан­дық процестерді ұғыну, Қазақ­стан­ның ұзақмерзімді мүдде­лері тұр­ғысынан саясат пен эко­но­микадағы сыни өзгерістерді талдау. Келесі ба­ғыт – әлемдік деңгей­де Тұң­ғыш Президент – Елба­сы­ның және Қазақстан Президентінің идеялары мен стратегиялық бас­тамаларын талдамалы сүйе­мел­деу. Транс­ұлттық шақырулар мен мүм­кіндіктердің кең спек­трін тал­дау институтқа басым елдік және проблемалық-тақы­рып­тық бағыттарда Қа­зақ­стан­­ның сыртқы саяси қызме­тін одан әрі жетіл­діруді іздестіруге мүмкіндік береді. СЗИ өз жұмысында әріптес ел­дермен Қазақстан­ның стра­те­гиялық коммуника­ция­ла­рын да­мытуға ерекше назар аудара­ды. Осы­мен әлемдік тәртіп проб­ле­малары жөніндегі, өңірлік дағдарыстарды шешу жолдарын жалпы іздеу, мемлекеттерді және әлемді тұтастай алғанда тұрақ­ты даму проблемаларын зерт­теу жө­ніндегі бірлескен жарияла­ным­дар, конференциялар және сарап­та­ма­лық пікірталастар арқылы ғы­лы­ми дипломатияның атқа­ра­тын рөлі соңғы емес. Жекелеген зерттеулердің қоры­тын­дысын басып шығару, іс-шара­лар өткізу, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қауым­дас­тықтарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл арқылы институт қазақ­стандық және шетелдік жұрт­шы­­лықты халықаралық жағдай, сырт­қы контурдағы Қазақстанның саясаты мен жетістіктері туралы хабардар ететін болады. Әлемде болып жатқан оқиғаларды олар­дың Қазақстан дамуына әлеуетті әсерін ескере отырып түсіндіретін болады. Жалпы, институт жұмысының міндеттері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 12 маусымдағы өзі­нің ұлық­тау рәсімінде белгі­ле­ген мін­дет­тері­мен толық шендеседі, онда «...біз сындарлы көпвек­тор­лы сырт­қы саяси бағытты жалғас­ты­рамыз. Біз ұлттық мүдделерді әлем­дік аренада нық ілгерілететін бола­мыз. Елдің сыртқы саяси қыз­меті елге, ұлттық бизнеске, әр­бір азаматқа нақты пайда әке­ле­ді». Қазіргі кезеңде институт қа­был­данған тұжырымдамаға сәйкес дамып келеді. Онда Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының дәс­түрлері мен болашақтың күн тәртібін қалыптастыратын жаңа трендтер ескерілген. Келе­шек­те институт мемлекеттік даму стра­­тегиясының өңірлік ерек­ше­лі­гіне, дәстүрлеріне және мақ­сатты нұсқауларға негізделген қа­зақ­­стандық талдау мектебін жүйе­лі түрде дамытатын болады деп бол­жа­нуда. Уақыт өте келе, СЗИ идеялар мен шешімдерді, жаңа тәсілдерді, жаңа қабылдау мен халықаралық про­цестерге қатысты жаңа көзқа­рас­ты әзірлеудің қажетті орталығы ретінде бекітіледі деп үміттенеміз.  

Айымдос БОЗЖІГІТОВ, СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер  институтының Басқарма төрағасы