«Түнімен кереуетке таңып, байлап қойған» – кемтар балаларды ұрып-соққан педагогтарға қатысты сот шешімі шықты
«Түнімен кереуетке таңып, байлап қойған» – кемтар балаларды ұрып-соққан педагогтарға қатысты сот шешімі шықты
Фото: Телеарнадан скриншот
173
оқылды
Павлодарда психикалық ауытқуы балаларды төсекке таңып, ұрып соққан орталық қызметкерлері сотталды, ­– деп хабарлайды AstanaTV. «Балаларды жәбірледі» деген айыппен 18 педагогқа қатысты сот шешімі шықты. Оның төртеуі бас бостандығынан айырылса, біреуінің ісі сотта қаралып жатыр. Қалған 13 қызметкердің ісі тергеліп жатыр. Жантүршігерлік оқиға жыл басында анықталған. Павлодардағы психоневрологиялық балалар орталығы қызметкерлері кемтар балаларға жәбір көрсеткені туралы видео ғаламтор арқылы тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын.
Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Асхат Қоқымбаев: «Мекемені тексере келе балалардың төсекке таңылғанын анықтадық. Онымен қоймай, оларды ұрып-соққан. Содан балалар түн бойы төсекте  байлаулы қалған. Мекеме қызметкерлері оларды шешуді ұмытып кетіпті», - деді.
Осы жағдайға байланысты Nur Otan партиясы партиялық бақылау комиссиясы шұғыл  отырыс өткізіп,  жұмысына салғырт қараған басшыларды  тәртіптік жазаға тартты. Аймақтағы Nur Otan партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко: «Жұмысына жауапсыз қызметкерлерді партиялық жауапкершілікке тарттық. Жасаған қылмысына қарай партия қатарынан шығарып, қатаң сөгіс бердік. Орталық басшысын мен осы салаға жауапты маманға тиісті шара қолданылды», ­– деді.