Алматы базарларының бірінде болған талтүстегі атыстың астары неде?
Алматы базарларының бірінде болған талтүстегі атыстың астары неде?
113
оқылды
Алматыдағы «Сарыар­қа» базарындағы атыс елді дүрліктірді. Алтын­са­рин мен Ұлықбек көшеле­рінің қиылысында орна­ласқан бұл базар қаладағы адам көп баратын сауда орны­ның бірі. Оқиға тапа тал түсте болған екен. Кө­лік тұрағы үшін болған жан­жалдың соңы тапанша кезеніп, оқ атуға дейін алып келген. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше рет оқ атылған. Қалалық Полиция департа­менті баспасөз қызметінің хабар­лауынша, оқиға 27 мамырда түскі сағат 13.00 шамасында болған. «102 нөміріне хабарлама түскен соң жедел тергеу тобы оқиға ор­нына аттанды. Базар күзетшісі, тұрақ төлемін қабылдайтын қыз­меткер мен сауда орындарын жал­ға алған саудагерлер тұрақ ақы­сына қатысты сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға ұласып, оқ атылған», – деді По­лиция департаменті баспасөз қызметі. Полиция күдіктілерді бірден ұстаған. «Бұл деректі Әуезов ау­дандық полиция бөлімі ҚК 293-бабының 3-тармағы бо­йынша сотқа дейінгі тергеу реес­тріне тіркеді. Газбен ататын та­панша тәркіленіп алынып, бал­листикалық сараптамаға жібе­рілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама та­ғайындалды. Соған сәйкес жа­рақат алған адамдардың денсау­лығына келтірілген зиян дәрежесі анықталады», – деді ПД баспасөз қызметі. Тәңірдің талтүсінде шаһарда болған атыстың астары не? Басты себеп – жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келіспеушілік. Бұл – өзара түсініспеушіліктің салдары атысқа дейін алып келіп, көзге түсіп қалған бір ғана оқиға. ТЖ мен карантин режимі сал­дарынан табысынан қағылған жалға алушы мен жалға берушілер арасында мұндай жағдайдың талайы болғаны анық. Өйткені қауіпсіздік «жастықшасы» жоқ, күндегі табысын күнде тауып, қалт-құлт етіп күнін әрең көріп келе жатқан шағын кәсіпкерлік нысандары өкілдері жал ақысын төлемеуден карантиннің бірінші аптасында-ақ бас тартып, елдің назарын аудартқан. Бұл, әсіресе сауда орындары нүктелеріне, түрлі оқу курстарын ұйымдас­тыратын кеңселерге қатысты бір­ден байқалды. Жалға беріп отырған мекемесі босап қалған көптеген хабарландыру беру­ші­лер «Жедел!» деген белгі қойып, жалға алу бағасына да жеңілдік жасалғанмен, жаңа жалға алу­шылар соншалықты құлшыныс танытқан жоқ. Сол кезде «Жалға алуға қы­зығушылық танытып, жарнаманы қарағандар мүлдем болған жоқ. Жалға беру бизнесі саласы өлі тыныштыққа айналды. Менің ойымша, бұл жағдай карантин аяқталғанға дейін созылады» деген болатын Қазақстан риэл­торлары қауымдастығының пре­зиденті Лариса Степаненко. Үлкен сауда орындарында жалға берушілер мен жалға алушылар арсында көп түсінбеушілік бол­ған жоқ. Бәрін өзара келісіммен шешкендей. Ал ұсақ сауда нүк­телерінде біраз түсініспеушіліктер болғаны аңғарылады. «Сарыарқа» базарындағы сол түсініспеу­шіліктің бірі ғана. Әлемді жайлаған пандемия­ға байланысты The Wall Street Journal басылымы АҚШ-та да кәсіп­керлердің дүкен, спорт за­лы, кеңсе мен мейрамханаларды жаппай жауып жатқанын жазды. Олардың таяу болашақта жұмысы жүріп кететініне сенім жоқ. Жалға алушылар жал ақысын төлемеуде және таяу мерзімде өздерін кеңседен шығарып, жаңа жалға алушы таба қоятынына күмәнді. АҚШ-тың кейбір қа­лаларында тіпті жалға алушы­ларды шығарып жіберуге мора­торий жарияланған. Коронавирус инфекциясы бүкіл әлемге тарап қана қоймай, экономикаға да салқынын тигіз­гені анық. Кезең-кезеңмен іске қосылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер санитарлық нор­маларды сақтап, сақтық шара­ла­рына аса мән бергені абзал. Сон­да ғана жұмыс жүріп, эконом­и­ка­ның да бойына қан жүгіреді.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ