Фитнесте вирус жұқпай ма?
Фитнесте вирус жұқпай ма?
157
оқылды
Коронавирустың таралуына жол бер­меу жөніндегі ведомствоаралық ко­мис­сия халық пен мемлекеттік ор­ган­дардың ұсыныстарын ескере оты­рып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады. Cоған сай 1 маусымнан бас­тап Қазақстанда карантинді жеңіл­дету­дің жаңа кезеңі басталды. Бірқатар орта­лықтардың жұ­мысы жанданады. Олардың арасында фитнес орталықтары мен спорт ке­шендері де бар. Бұл қызмет түрлерінің ашылуы адамдар үшін қаншалықты қауіпсіз? Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақытын сағат 11.00 мен 23.00 аралығында белгілесе, фитнес клубтар, жаттығу залдары және бассейндер сағат 10.00 мен 22.00 аралығында халыққа қызмет көрсетеді.  Белгіленген уақыт бойынша қосымша білім беру орталықтары, SPA орталықтары, ашық жағажай, компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер де ашылады. Қоғамдық демалыс парктері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болса, мәдениет, өнер және архив нысандарының, спорт нысандарының жұмысы  ақырындап көрерменсіз толық іске қосылады. Өзге орталықтар секілді барлық фитнес орталықтары мен тренажер залдарында санитарлық нормаларды ұстана отырып, жаттығуға рұқсат берілді. Соған сай жаттығу залдарына келушілердің саны да жақын күндері артпақ. Жаттығу залдарына бетпердесіз кіруге болмайды. Спортпен шұғылданамын дегендер әдеттегіше алдын ала жазылады. Жұмысты бастар алдында, ұйымдар өз аймақтарының бас мемлекеттік санитар дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс. Оларға күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, арақашықтықты сақтау және т.б. талаптарды орындау тапсырылды. Ары қарай аталған нысандардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторинг тобы рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады. Ал дәрігерлер карантин шаралары жеңілдесе де, жұртты арақашықтықты сақтап, маска киіп, қолды жиі жуып жүруге шақыруда.      width=Қуаныш САЛКАНОВ, фитнес орталығының жаттықтырушысы – Қазақстандағы бар­лық фитнес орта­лық­тарына жұмысын қай­та­дан жалғастыруға рұқсат берілгені жө­нін­дегі жа­ғымды жаңа­лық­ты ес­тіп қуанып жатырмыз. Біраз уақыт үйде жат­ты­ғуға тура келді. Енді­гі кезекте бар­лық санитарлық талаптарды сақтап, жаттығуға кірі­семіз. Карантиннен кейін еліміздегі фит­нес залдардың көпшілігі төлем бағасын же­ңіл­детіп, залға келушілерге барынша қо­лай­лы жағдай жасауда. Жұмыс кестесінде де аздаған өзгеріс бар. Ол өзгерістер елдегі төтен­ше жағдайға байланысты енгізілді. Індет толық­қанды ауыздықталып, халық қалыпты өмірге қайта оралғанда біз де жұмысымызды бұрынғыша жалғастыратын боламыз. Үйден шықпаған кейбір азаматтар артық салмақ қосып алғаннан соң, бірден жаттығу залдарына келуде. Дене бітімді қалыпқа келтіру, әрқашан формада жүру жақсы ғой. Осыған орай біз де тұрғындарды спортпен шұғылдануға, саламатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.    width=Ерсаин МАДИЕВ, Men фитнес-клубының директоры: – Өзге орталықтар секілді біздің фитнес ор­та­­лығымыз да сани­тар­­лық талаптарды нор­­­маға сай орындауға дайын. Бастысы, бет­пер­де кию керек. Спорт залға келіп-кету­шілерге осыны ескер­теміз. Сон­дай-ақ кеңсеміз міндетті түрде дезин­фек­ция­ла­нып отырады. Яғни, күшейтілген сани­та­р­лық-дезинфекциялық тәртіп­пен жұмыс істей­міз. Қалыпты өмірге қайта оралуымыз әрқайсымызға байланысты екенін есте ұста­ға­нымыз абзал.      width=Батырбек АЙТЖАНОВ, ғылым докторы, профессор, вирусолог: – Финтес және SPA орта­лықтарының ашы­луы орынды. Бірақ бар­лық қорғаныс шара­ла­рын, жеке қорғаныс гигие­наларын қатаң түр­­де сақтау керек. Адам­­дар­дың бір жерге көп жинал­­мауын, арақа­шық­тықты сақтауды да на­зарда ұстап отырса, қауіп­тену­дің еш реті жоқ. Қайта мұндай орталықтар, жат­тығу зал­дары ор­ганизмді ауруларға қарсы күресуге көмек­теседі. Иммунитетті жақсар­та­ды. Бір сөзбен айт­қанда, шыны­ғудың пайдасы зор. Деніміз сау болсын десек, спортпен шұғыл­дан­ғанымыз жөн.    

Абылайхан ЖҰМАШ