Бурабайдың экс-әкімі аяусыз соққыдан қайтыс болды
Бурабайдың экс-әкімі аяусыз соққыдан қайтыс болды
© сурет интернеттен алынды
115
оқылды
Аяусыз соққы көрген Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады. "Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты биыл 23 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды", - делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады.