Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жетім өскен азамат 18 баланы асырап алған

Рая Мінап Рая Мінап
Маусым 2, 2020
Жетім өскен азамат 18 баланы асырап алған 1
1.2k
қаралым

Ақтөбеде 21 баланың ата-анасы атанып отырған ерлі-зайыпты Өмірхан Жетесов пен Алмагүл Ешпанова тұрады. Дүниеге үш перзент әкелген ерлі-зайыптылар соңғы он жылда балалар үйінен 18 баланы өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Жетесовтер әулетіндегі 21 баланың сегізі ұл, 13-і қыз. Отбасының қанатына алған балалардың алды 25 жаста. Үлкен қызы тұрмысқа шыққан. Үйдің отағасы Өмірхан Жетесовтің айтуынша, адам бала асырап алу үшін сол баланың жағдайын түсіне алуы керек.

«Әйтпесе, кейбіреулерге бұл жай көрген түспен тең. Жетімдікті көрмеген адам жетім баланы жақсы көре алмайды. Баланың жүрегінде не жатқанын түсіну қиын. Бала мен итті өтірік жақсы көру мүмкін емес. Олар шынайы қамқорлыққа ғана иланады», – дейді көпбалалы әке.

Отағасының өзі 7 жасынан жетім өскен. Ықылас пен мейірімге, ананың ыстық алақанына зәру болып, соған шөлдеп өскенін айтады.

«Біреу менің басымнан сипаса екен, құшақтаса екен деп тұратын едім. Кезінде өзіме қат болған мейірімді осы балаларға беріп жатырмын. 20 жасқа толып кеткен баламды да құшақтап, иіскеймін. Байқағаным, әкелердің көбі 7-8 жастан асқан өз баласын да құшақтап иіскемейді екен. Есейіп қалған балаға жекіген сайын сенен алыстай береді. Бала үшін әкенің иісі бөлек. Құшақтауды шаруа көрмеу керек. Балаға әкенің мейірімін сезініп, қабағының түйілгенін көру де тәрбие. Мен ұлдарыммен күресіп ойнаймын. Олармен доспын. Балаларымның 18-ін де өнерге баулыдым. Өнерсіз бала болмайды. Оның 10 пайызы талант, 90 пайызы еңбекпен келді. Сазсырнай, қобыз, шаңқобыз, домбыра, баян, жетіген, шертер, шіңкілдек секілді аспаптардың құлағында ойнайды», – дейді Өмірхан Жетесов.

Тегтер: әкебалажетім

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11 өңірде ескерту жарияланды

Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»