Теміртау қаласы әкіміне жасалған тест коронавирустық инфекцияның оң нәтижесін көрсетті. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулығы қалыпты. 14 күн бақылауда болады. – Қала әкімінің міндеті орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелді. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі. Теміртау әкімдігінде жұмыс жасайтынқызметкерлерден короновирус анықталмады. Бүгінгі күні Қарағанды облысында 956 адам COVID-19 жұқтырған, 3 науқас көз жұмып, 255 науқас сауықты.
Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы