Қыздар университеті үздіктер қатарында
Қыздар университеті үздіктер қатарында
314
оқылды
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі еліміздің үздік университеттерінің жыл сайынғы Ұлттық рейтингін жасады. Арнайы жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 88,30 балл жинап, еліміздегі екінші үздік педагогикалық оқу орнының сапына енді. Бұл – Қыздар университетінің профессор-оқытушылары мен білікті қызметкерлерінің табысы. Рейтинг жан-жақты және академиялық белсенділікті, студенттердің үлгерім көрсеткіштерін, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын, ғылыми-зерттеу және инновацияларды, халықаралық ынтымақтастықты, ақпараттық қолдауды (университеттердің веб-сайттары мен мобильді қосымшалары), түлектердің жұмысқа орналасу нәтижелерін, сондай-ақ бағалауды қамтиды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің беделі мен тәуелсіз сарапшылардың пікірі және студенттер мен түлектердің пікірлері де ескерілді. – Қыздар университетін институционалды рейтингті есептеу әдістемесі бес компонентке негізделіп жүргізілді. Бірінші компонент – оқу орнының академиялық қызметі, екінші компонент – сарапшылар бағасы, үшінші компонент – жұмыс берушілер беделі, төртінші компонент – студенттер бағасы және бесінші компонент – түлектер бағасы деп аталады. Бұл көрсеткіштер бойынша ҚызПУ жоғары балл жинап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен кейінгі екінші орынды алды, – деп атап өтті оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ