Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьектісі 3 маусымда ашылады
Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьектісі 3 маусымда ашылады
120
оқылды
Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьектісі 3 маусымда ашылады. «3 маусымнан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда 30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары; Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары); Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы); Балаларға арналған түзету орталықтары; Саябақтар мен скверлер ашылады», – делінген қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында. Нысан басшылары санитарлық талаптарды толық орындауы керек. Өткен аптада Алматыда ХҚКО, сауда ойын-сауық орталықтары ашылған еді. Алайда арнайы комиссия кейбір нысанның жұмысынан санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады. 30 мамырдан бастап мешіттердің есігі ашылды. 1 маусымнан бастап сауна, спа-салондар, моншалар ашылды.