Атырау 20 тонна көмек жіберді
Атырау 20 тонна көмек жіберді

Арыстағы апатқа байланысты Атырау халқы да қолдан келген көмегін жөнелтті.

Атырауда 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Атап айтқанда, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар жи­нақталған.

«Дина» сауда орталығы дирек­торының айтуынша, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық жүк Арысқа жеткізілді. Көмекке сауда орталығынан жалға алып отырған 100-ден астам кәсіпкер атсалысты.

– Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұр­ғындарға көмек көрсетуге шақырды. «Арыс, біз біргеміз!» атты жалпы республикалық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының ар­қасында 20 тонна қажетті жүк жиналды. Қазір барлық жүкті тиеп жатырмыз. Жақын арада гу­ма­ни­тарлық көмек жөнелтілетін болады. Бұдан бөлек, БАҚ жария­лаған банктегі есепшоттарына қаражат аударуда, –деді «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел.

Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек күні-түні жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта да жеткізілген құрылыс материал­дарымен тұрғындардың баспанасы қалпына келтіріледі.