100 бала Бурабайда тегін демалады
100 бала Бурабайда  тегін демалады
157
оқылды

Ақмола облысының әкімдігі Арыс қаласында болған төтенше жағ­дайға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге әзір.

Ақмола облысы ішкі саясат бас­қар­масының баспасөз қызметінің мәлі­метінше, 100 бала Бурабайда тегін де­малады. 

Ұлы далада қиын-қыстау кезде адам­дардың бір-біріне көмек қолын созу дәстүрі бар. Бірінші көмек балаларға қатысты. Бүгінгі күні Щучинск – Бурабай курорты ау­ма­ғын­дағы балалардың сауық­тыру орталығының бесеуі 100 баланы қабылдауға әзір. Қазіргі кезде Арыс қала­сының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, тізімді нақтылайды. Кәсіпкерлермен қатар мемлекеттік емес ұйымдар,  жер­гі­лікті қауым­дас­тық атсалысуға белсенділік танытып отыр.