Айнұр Тұрсынбаева: Коронавирус, карантин деген әлемді тыныштандыру үшін жасалып жатқан дүние
Айнұр Тұрсынбаева: Коронавирус, карантин деген әлемді тыныштандыру үшін жасалып жатқан дүние
Коронавирус тақырыбы кімді деп болса алаңдатпай қоймайды. Бастапқыда үрейі ұшқан жұрт арасынан уақыт өте келе ауруды жоққа шығарғандар да бар. Өнер адамдарынан Нұрлан Еспанов, Нұрлан Қоянбаевтан бастап, Қуат Хамитов та індеттің жоқ екенін парақшасында айтқан еді. Бұл санатта Айнұр Тұрсынбаева да бар. Айтыскер карантин кезінде Стамбұлда уақыт өткізді. Шекарадан өте алмай Түркияда қалып қойды. Дегенмен қорқынышқа бой алдырмапты. "Карантин уақытында Стамбұлда жатырмын. Мұнда Қазақстаннан да қауіпті. Себебі адам өлімі жағынан да, ауру жұқтырғандар санынан да елімізден әлдеқайда көп әрі қауіпті. Әлем бойынша да алдыңғы орында тұр. Дегенмен қорқып жатқан жоқпыз. Меніңше коронавирус, карантин бұл әлемді тыныштандырудың жолы секілді деген күмәнді ой келеді маған. Сондай ой мазалайды", - деді айтыскер. Айтыскер карантиннің адамға пайдалы жақтарын тізіп берді. "Көп адам намаз оқуға уақыт таппайтын еді. Балаларымен бірге бола алмайтын еді. Отбасына көп уақыт бөлмейтін еді. Алла оларды отбасының қасына қамап қойды. Балаларымен жақындастырды. Уақыт беріп қойды. Міне саған құлшылық ететін уақыт. Жақындарыңмен уақыт өткізетін кез. Бұны қиындық деп қарамау керек. Қиындықтан қашан шығамыз деп қарамау керек. Бұның пайдалы жақтары осы", - деді Тұрсынбаева Инстаграм желісінде.