Мұндай жағдайда құрылғының суда қанша уақыт тұрып қалғаны маңызды, - деп жазады 24.kz. Алдымен телефонды судан дереу шығарып алып, аккумуляторын ажырату керек. Суға түсіп кеткен телефон микрожүйесі көбіне электр тоғынан зақымдалады, ал оны су жақсы өткізеді. Аккумуляторын ажырату арқылы құрылғының ең маңызды бөлігін тоқтың жарамсыз қылуынан сақтап қаламыз, дейді маман Лайф ру басылымына берген сұхбатында. Одан кейін аппаратты сервистік орталыққа апару керек. Көп адам смартфонын фен, шаңсорғышпен кептіріп, амалдайды. Алайда уақыт жоғалтпаған жөн. Себебі қазіргі қалта телефондарының құрылымы күрделі және оны қайта іске қосу маманның ғана қолынан келеді. Сондай-ақ телефон құлаған судың құрамы да шешуші рөл ойнайды. Мәселен, теңіз суы немесе газдалған сусындар электрониканы бірден пайдасыз қылады.