«Теңіздегілер» үйге қайтқысы келеді

«Теңіздегілер» үйге қайтқысы келеді

Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы вахталық ауылдардың бірінде түсі­ріл­ген бейнежазба тарап кетті. Онда жұмыс­шылар тобының «Теңіз­шевройл» ЖШС өкілдерімен кезде­су­ді және шұғыл түрде үйлеріне қайтаруды талап етіп жатқандары көрсетіл­ген болатын. Олар егер та­лаптары орындалмай­тын болса, аштық жария­лай­мыз деп шу шығарған. Өңірлік шұғыл штабтағылар бұл жағдай 30 мамыр күні күндіз екі мердігер компанияның жұ­мыс­шылары тұрып жатқан вах­талық ауылда болғанын айта­ды дейді. 30-ға жуық адам каран­тин­нің ұзаққа созылып кетуіне наразылықтарын білдірген. «Олар­­дың бәрінен бұған дейін нау­қаспен байланыста бол­ғандар ретінде COVID-19 дертіне қа­тысты сынама алынып, 14 күн­ге оқшауландырылған бола­тын, содан кейін екінші рет тест алын­ған. Екінші мәрте алынған тест қоры­тындысы кешіктірілген, алайда бүгін бұл мәселе тез арада шешіледі», – дейді арнайы штаб өкілдері. Бұл оқиғаға дейін «Теңіз­шевройл» ЖШС Үкіметпен және жұрт­ш­ылықпен байланыс бөлі­мі­нің бас менеджері Рзабек Арты­ғалиевтың Теңіз кен орны­нан 18,5 мың жұмысшы тұрғы­лық­ты мекенжайына шығарыл­ға­нын айтқан болатын. Ол: «Вах­та­лық тәсілмен еңбек ете­­тін қыз­меткерлердің коро­на­­вирус ин­фекциясына бай­ла­нысты жұ­мысқа шыға алма­ға­нына қара­мас­тан, олардың жалақы­сы толық сақ­талады. Ал кен орнындағы вах­­талық мер­зімі уақытынан ас­­қан жұ­мыс­шылардың жала­қы­­сына 1,5 коэф­фициент қосы­ла­­ды», – деді. 31 мамырдағы жағ­дай бойын­ша, Атырау об­лы­сында коронавирусты инфек­ция­ны жұқтырудың 69 жаңа де­ре­гі тіркелген, оның 54-і Теңіз кен орнындағы мердігер меке­ме­лердің жұмысшыларынан табыл­ған болатын.  

Ә.БЕЛГІБАЙҰЛЫ