Іргетасы жерге кіріп барады
Іргетасы жерге кіріп барады
Қазақстанда көпқа­бат­ты үйлердің сапасы жө­нін­дегі мәселе әлі толық ше­шілмей келе жатыр. Мы­салы, жуыр­да елорда әкімі Алтай Көлгінов сол жаға­лауда соңғы жыл­­да­ры тұр­ғызылған бірнеше тұрғын үйдің жер астына кіріп ба­ра жатқанын айт­ты. Олар­ды сақтап қалу үшін мем­лекет бюджеті­нен тағы қаржы қарасты­рылмақ. Ал Шым­кент қа­ласында 2017 жылы са­лынған көп­қабатты үй­­лер­дің сырты опырылып, жаң­быр жауса, пәтер­дің төбе­сінен су кетіп жатыр. Сапа неге сын кө­термей тұр?  

Бас қаланың басты ахуалы

Қаладағы жұрттың баспанаға жете алмай жүргені көп еді. Енді пәтері бар адамның да уайымы көбейді. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында 800-ден астам апатты жағдайдағы үй бар екен. Оның кейбірі 90 жыл бұрын салынған үйлер, тозғаны түсінікті. Ең өкі­ніштісі, апатты үйлердің ара­­сын­да 2000 жылдан бері салын­ған­дары бар. – Егер 800-ден астам отбасы апатты үйден жаңа үйлерге кө­шетін болса, биыл кезекте тұр­ғандар үшін 8 мыңнан астам әлеу­меттік пәтер салынады. Жаңа үйлердің плиткалары құлап, ір­гетасы жерге кіріп бара жатыр. Олардың қатарында «Инфинити», «Территория ком­форта-2», «Ор­бита», «7 бочек» тұр­ғын үй ке­шендері бар. Мем­лекет күрделі жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізуге қаражат бөледі. Содан кейін бұл қаражатты тұр­ғындар 15 жылға де­йінгі мерзімде бөліп төлейді, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 1 шаршы метрі 390 мың тең­геге бағаланған үйлердің жағ­дайы осындай. Енді мына мәсе­лені қараңыз. Тұрғындардың көбі пәтерін 21 жылға дейін төлеп отыруға ипотекаға алыпты. Сонда олар ипотекадан бөлек, жөндеу жұмыстары үшін 15 жыл­ға дейін несие төлеп отыруға мәжбүр бола ма? Бұл тұрғын­дардың наразы­лығын тудырмай қоймасы анық. Әуелде елорданың құрылысы басталар кезде марқұм геолог ға­лым Молдияр Серікбаев «Есіл­дің сол жағалауының топырағы сазды. Мәңгілік ел көшесінен Қарағандыға қарай үй тұрғызған дұрыс, әйтпесе үйдің іргетасы жер­ге кіреді» деп айтқан бола­тын. Қош, қаланың әсемдігі үшін осылай салу керек болды делік. Бірақ айтылған мән-жай алдын ала ескерусіз қалыпты. Енді келіп тұрғындардың қалта­сын қақ­қаннан не пайда? Ол ақ­шаны құрылысты жүргізген компа­ния­ларға жүктесе болмас па? Іргетасы жерге сүңгіп бара жатқан көпқабатты үйлер соңғы 15 жылдықта салынды. Сол тұр­ғын үйлер салынған тұста қа­ланың бас архитекторы Қайрат Тоқтарұлы болған болатын. Ол кісіге аталған баспаналардың мә­селесін айтып хабарласқан едік.    width= – Иә, ол көпқабатты үйлер мен бас архитектор болған кезде салынды. Бірақ еш пікір айта ал­маймын. Өзіме өзім қарсы сөйле­меймін ғой, – деп жауап берді. Елордада атақты «Территория комфорта» тұрғын үй кешені 16 жылдан бері салынып бітпеді. 2004 жылы ел-жұрт бұл үйден пәтер алу үшін ақша салған. Тех­никалық талаптарға мүлде сай келмеген соң былтыр 6 блоктан тұратын үлкен кешен бұзылды. Енді сол үйлер қайта тұрғызылып жатыр. Қанша адам өз үйіне қол жеткізе алмай ана өмірге аттанып кеткен екен. Осылайша, бір қа­лада салынып болған баспана да жырға айналып отыр.  

Сапа ескерілмей ме?

Еліміздің әр өңірінде сапасыз салынған көпқабатты үйлер жетерлік. 40-50 жыл өтіп, тозығы жеткен үйлер болса, түсінуге болар еді. Бірақ басым бөлігі соң­ғы жылдары ғана тұрғызыл­ған. Жуырда Шымкент қала­сын­да 2017 жылы салынған көп­қа­батты үйлердің сырты опырылып түсіп жатқаны айтылды. Одан бөлек, жаңбыр жауса, пәтердің төбесінен шелектеп су кетеді екен. Мұндай жағдайда дау үйреншікті сценарий бойынша өрбиді. Тұрғындар әкімдікті, ал әкімдік құрылыс компанияларын кінәлап тынады. Мұның бәрі бюджетке түскен салмақ еке­нінде күмән жоқ. Сонда сапасыз үйлердің көбеюіне не себеп? Сәулетші мамандар түйткілді неден көреді? – Мұның 3 себебі болуы мүм­кін. Құрылыстың асығыс жүр­гізілуі, сапасыз құрылыс мате­риалын пайдалану және тұрғын үйдің эскиздік жоба­сы­ның дұрыс болмауы. Ең алдымен, көпқабатты үйдің жобасы әзір­ленгенде ішінде қателік кетпе­генін анықтау керек. Жоба дұрыс болмаса, ол үй оң­байды. Мін­дет­ті түрде мін табы­ла­ды. Ол үшін үйді тұрғызар алдында жобаға сараптама жасау керек. Ал біз сараптаманы үйдің кемшілігі шығып, тұрғындар шу шығар­ғанда ғана жасаймыз. Сон­дықтан бар­лық көпқабатты үйдің жо­балық-сметалық құжаттарына сараптама жүргізілмейінше, қателік мына тұстан деп пікір айту қиын, – дейді архитектор Шоқан Матайбеков.   Түйін:

eGov.kz порталы Қазақстанда сұ­ранысқа ие мамандықтар қата­рына қала құрылысын жүргізетін білікті құрылысшыларды қосып­ты. Қала өркендеп келе жатыр дейміз. 2019 жылы елде құрылыс жұмыс­тары 14 пайызға артып, құрылыс компаниялары соңғы 10 жылда 983,4 млрд теңге рекордтық пайда тауыпты. Ал сапасыз үйлер­ге ­жұм­салып жатқан қаржыны кім даулайды?

 

 width=Мадияр ТӨЛЕУ