Атырауда бизнеске сервистік қолдау көрсетілуде
Атырауда бизнеске сервистік қолдау көрсетілуде
Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қол­дау мен дамыту мемле­кет­тік бағдарлама­сы бекі­тіл­ді. Бұл ел эконо­ми­касы­ның баро­метрі  шағын және орта биз­несті да­мы­туға ора­сан зор ықпал етпек. Биз­­несті сервис­тік қол­­­дау­дың өзі кәсіпкерлік­тің қа­­на­тын кең жаюына жан-жақ­­ты жағдай жасауға ар­нал­ған. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төра­ғалығымен өткен жиында жер­гілікті кәсіпкерлік палатасы­ның директоры Абдолла Ідірісов жергілікті жерде бизнесті сервис­тік қолдау бойынша есеп берді. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдол­ла Ідірісовтің айтуынша, жыл басынан бері бизнесті сер­вис­тік қолдау компоненті бо­йын­ша 164 шағын және орта кә­сіп­­кер­лік субьектілеріне 173 қыз­мет түрлері көрсетілді. Оның ішін­де 47 кәсіпкерге 50 қызмет түрі онлайн түрінде көрсетілді. Соны­мен қатар 576 кәсіпкер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамға 1 478 кеңес берілді. Бай­ланыстың ұтымды түрі он­лайн арқылы жүзден аса кәсіп­кер­ге кеңес берілген. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкер­лік­ті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралы кәсіпорын тиім­ді­лігін арттыру мақсатында басқару жүйесін жетілдіруге және әртүрлі ма­мандандырылған қызметтегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнес үдерісті қолдау бойынша кеңес беруге бағытталған. Өткен жылы Атырауда бизнес­ті сервистік қолдау компоненті бойынша 1 776 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 1 970 қыз­мет түрлері көрсетілді. – Атырау облысының аудан орталықтарында 7 кәсіпкерлікті қолдау көрсету орталықтары жұ­мысын жалғастыруда. 2019 жылы аудандық Кәсіпкерлікті қол­дау орталықтарының кеңес­ші­­лері кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат­тық қамтамасыз ету компоненті бойынша 2 193 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адам­дар­ға 6 553 кеңес берді. Атырауда «Бизнес мектеп» жобасы аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бизнес-тренерлері кәсіпкерлігін жаңа бастайтындар үшін оқу өткізу қолға алған. 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша «Биз­нес-кеңесші» курстары аясында 825 адам оқытылса, «Бизнес өсу» курсы бойынша 142 кәсіпкер оқы­тылды. «Жобалық оқыту» ком­поненті бойынша 110 адам оқытылды.«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі бо­йын­ша Атырау қаласында 2019 жылы 42 адам оқытудан өтті. Сайып келгенде – осы жұмыс­тар­дың барлығы жергілікті жерде кә­сіп­керліктің дамуына жол аша­тын қадамдар, – деді Абдолла Іді­рі­с­ов. Жиында мәлім болғандай, кә­сібін жаңа ашып және кәсі­бін­де тәжірибесін дамытуға ниет­ті жандарға «Аға сеньоры» ком­поненті бойынша 2019 жылы өн­дірістер, жабдықтар техно­ло­гиясының жаңа әдістерін ен­гі­зу, қызметкерлерді оқыту мә­­селелері бойынша жоғары бі­л­ікті 3 шетелдік мамандар ша­қыр­­тылған екен. Түркия мен Украинадан келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қа­зақ­стандық кәсіпкерлерге сәт­тілік тілеген. Тәжірибе бөлісу кә­­сіпті игеруде өз нәтижесін бе­­ре­ті­ні сөзсіз. Атырау облысы Кәсіпкерлер пала­тасының директоры Абдол­ла Ідірісовтің айтуынша, биыл бизнесті сервистік қолдау бо­йын­ша 1 061 адамға қызмет көр­сету және ақпараттық қамта­масыз ету бойынша 2 751 кеңес беру жос­пар­лануда. Елімізде биыл 16 наурыздан бастап енгі­зілген төтенше жағдайға қа­ра­­мастан, менеджер-кеңес­ші­лер кәсіп­керлерге қызметті онлайн түрінде көрсетті. Жыл басынан бері бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 173 қызмет түрлері 164 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне көрсетілді, оның ішін­де 47 кәсіпкерге 50 қызмет түрі онлайн түрінде көрсетілді. Кәсіпкерлікті қолдау орта­лық­­тарының кеңесшілері кәсіп­­керлерді мемлекеттік бағдар­ла­малар бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 576 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдарға 1 478 кеңес берді, оның ішінде 128-і онлайн түрінде беріп, кәсіпті бастауға ниетті жандарға сәттілік тілеген. Жиынды қорытындылаған Аты­рау облысының әкімі Ма­хам­бет Досмұхамбетов «Мемле­кет­тік бағдарламаларды орын­дау­да жауапкершілік болуы қа­жет. Ат­ырау – инвесторлар шоғыр­лан­ған аймақ.Біз бүгін бизнеске сер­вистік қолдау көрсетуде атқа­ры­латын жұмыстар туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыс сапалы бо­лып, өңір экономикасының да­муына үлес қосуы уақыт күт­тір­мей­тінін жете түсініп, жұ­мыс­ты нәтижелі атқаруымыз керек», – деп кәсіпкерлік палатасы бас­­шы­сына нақты тапсырмалар берді.    width=     Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы