Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл ел экономикасының барометрі шағын және орта бизнесті дамытуға орасан зор ықпал етпек. Бизнесті сервистік қолдаудың өзі кәсіпкерліктің қанатын кең жаюына жан-жақты жағдай жасауға арналған.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында жергілікті кәсіпкерлік палатасының директоры Абдолла Ідірісов жергілікті жерде бизнесті сервистік қолдау бойынша есеп берді.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Ідірісовтің айтуынша, жыл басынан бері бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 164 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 173 қызмет түрлері көрсетілді. Оның ішінде 47 кәсіпкерге 50 қызмет түрі онлайн түрінде көрсетілді. Сонымен қатар 576 кәсіпкер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамға 1 478 кеңес берілді. Байланыстың ұтымды түрі онлайн арқылы жүзден аса кәсіпкерге кеңес берілген.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралы кәсіпорын тиімділігін арттыру мақсатында басқару жүйесін жетілдіруге және әртүрлі мамандандырылған қызметтегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнес үдерісті қолдау бойынша кеңес беруге бағытталған.
Өткен жылы Атырауда бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 1 776 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 1 970 қызмет түрлері көрсетілді.
– Атырау облысының аудан орталықтарында 7 кәсіпкерлікті қолдау көрсету орталықтары жұмысын жалғастыруда. 2019 жылы аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының кеңесшілері кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық қамтамасыз ету компоненті бойынша 2 193 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдарға 6 553 кеңес берді.
Атырауда «Бизнес мектеп» жобасы аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бизнес-тренерлері кәсіпкерлігін жаңа бастайтындар үшін оқу өткізу қолға алған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнес-кеңесші» курстары аясында 825 адам оқытылса, «Бизнес өсу» курсы бойынша 142 кәсіпкер оқытылды. «Жобалық оқыту» компоненті бойынша 110 адам оқытылды.«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі бойынша Атырау қаласында 2019 жылы 42 адам оқытудан өтті. Сайып келгенде – осы жұмыстардың барлығы жергілікті жерде кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын қадамдар, – деді Абдолла Ідірісов.
Жиында мәлім болғандай, кәсібін жаңа ашып және кәсібінде тәжірибесін дамытуға ниетті жандарға «Аға сеньоры» компоненті бойынша 2019 жылы өндірістер, жабдықтар технологиясының жаңа әдістерін енгізу, қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті 3 шетелдік мамандар шақыртылған екен. Түркия мен Украинадан келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазақстандық кәсіпкерлерге сәттілік тілеген. Тәжірибе бөлісу кәсіпті игеруде өз нәтижесін беретіні сөзсіз.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Ідірісовтің айтуынша, биыл бизнесті сервистік қолдау бойынша 1 061 адамға қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 2 751 кеңес беру жоспарлануда. Елімізде биыл 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, менеджер-кеңесшілер кәсіпкерлерге қызметті онлайн түрінде көрсетті.
Жыл басынан бері бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 173 қызмет түрлері 164 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне көрсетілді, оның ішінде 47 кәсіпкерге 50 қызмет түрі онлайн түрінде көрсетілді.
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының кеңесшілері кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 576 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдарға 1 478 кеңес берді, оның ішінде 128-і онлайн түрінде беріп, кәсіпті бастауға ниетті жандарға сәттілік тілеген.
Жиынды қорытындылаған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекеттік бағдарламаларды орындауда жауапкершілік болуы қажет. Атырау – инвесторлар шоғырланған аймақ.Біз бүгін бизнеске сервистік қолдау көрсетуде атқарылатын жұмыстар туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыс сапалы болып, өңір экономикасының дамуына үлес қосуы уақыт күттірмейтінін жете түсініп, жұмысты нәтижелі атқаруымыз керек», – деп кәсіпкерлік палатасы басшысына нақты тапсырмалар берді.