Той тойлауға асықпаңыз
Той тойлауға асықпаңыз
149
оқылды
Алматыда 19 наурыздан бас­тап қала шекараларына қо­йылған 27 блок-бекет то­лық­тай алынды. Екі жарым ай бойы тарс жабылған қала қақпасы айқара ашылды. Тек эколо­гия­лық бекеттер бұрын­ғы­сынша өз жұмыста­рын атқарып тұр. Карантин ен­гізілген уа­қыттан бастап бе­кеттерде күні-түні қызмет ат­қарған 700-ге жуық тәртіп сақ­­шысы мен ме­ди­цина қыз­мет­керлері ма­ра­патта­лып, ал­ғыс арқалап үй­леріне қайт­ты. Блок-бекеттердегі жұмыстың өте қарбалас болғаны күнделікті бай­қалды. Мұнда жұмысқа жұмыл­ды­рылған мамандар екі ауысымда тынымсыз жұмыс істеді. Олар фи­зи­калық және моральдық ауырт­палықтарға қарамастан өз мін­дет­терін абыроймен атқарып, ко­­­ро­­навирус инфекциясымен күре­суде маңызды үлес қосқандары үшін 1 айлық көлемінде ақшалай сый­ға ие болды. Тәртіп сақшыларының айтуын­ша, карантин кезінде қалада болған құқықбұзушылықтың үштен бірі блок-бекеттерде анықталған. «Блок-бекеттердегі жұмыс күні-түні тоқтатылған жоқ. 19 нау­рыз­да түнгі 00.00-ден бастап өз жұ­мыс­тарын бастады. Алғашын­да, әрине, көп қиындықтар бол­ды. Өйткені кейбір азаматтар каран­тин­нің маңызы мен мақсатын түсін­бей, қаланың шекарасынан өтпек болған. Жалпы, карантин кезінде 2 293 азамат ТЖ және карантиннің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың ше­шімімен 607-сі әкімшілік қамауға алын­ды. Қалғандары айыппұл төлей­тін болады», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Маусымнан басталған жаңалық­тың біразы көлік қатынасына тие­сі­лі. Өйткені енді қала ішіндегі тран­с­порттар таңғы сағат 6.00-дeн кешкі 23.00-ге дейін жолаушы та­­­сы­малдайтын болады. Метро қа­лып­ты жұмыс режиміне орал­ды. Сон­дай-ақ қала маңына қаты­най­тын автобустардың да жұмысы жа­ңар­тылуда. Көпшіліктің асыға күткен хаба­ры­­ның бірі – теміржол қатынасына тие­сілі. Алматы-1 және Алматы-2 те­мір­жол вокзалдары да жұмысын бас­тады. Дегенмен барлық қаты­нас құралдарына коронавирус пан­де­мия­сы жағдайында сани­тар­лық нор­маларды қатаң сақтауы тиіс еке­ні ескертілген. Бұған дейін кезең-кезеңмен кә­сіп­орындар мен сауда орындары да жұмысын бастағанын айтқанбыз. Қала тіршілігі біртіндеп жандана бас­тады. Дегенмен карантин әлі аяқ­талған жоқ. 25 мамырдан қоғамдық тамақ­тан­дыру орындары жұмыс істеп жа­тыр. Бірақ түрлі банкет, той, ме­ре­келік шаралар мен ұжымдық басқосуларды қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге рұқсат жоқ. Бұл туралы қаланың бас мемле­кет­тік санитары Жандарбек Бек­шин шегелеп тұрып айтты. Бас сани­­тардың алаңдауына негіз бар. Қала­да коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері әлі де болса анықталуда. Мәселен, өткен сенбіде қала бойынша бірден 117 жағдай тір­келді. Мұның себебі көптеген жұ­мыс орындары ашылуына байла­ныс­ты жұмысшылардың жаппай тес­тілеуден өтуімен түсіндірілді. Қа­лай дегенде қала қақпасы ай­қа­ра ашылып, жұмыс жандана түс­ке­німен, вирус жұқтыру қаупі әлі сейілген жоқ. Мұны тұрғындар жете түсінуі тиіс.  

 width=Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ