Қазақстан берген анықтама қағазы шетелге жарамайды – Есмағамбетова
Қазақстан берген анықтама қағазы шетелге жарамайды – Есмағамбетова
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі туралы Қазақстан берген анықтама қағазы шетелде жарамсыз. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова  талқыланып жатқанын айтты.
«Өкінішке қарай, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында анықтаманы тану туралы келісім жоқ. Бірақ негізгі мемлекеттік санитарлық дәрігерлер кеңесі аясында бұл мәселе көтеріліп, талқыланып жатыр, – деді Айжан Есмағамбетова.
Ол онлайн брифингте «Ресейде Қазақстанның коронавирус бойынша тест нәтижесі бар анықтама қағазы жарамды ма?» деген сұраққа: «Әзірге, жоқ, бірақ бұл мәселе талқылануда», – деп жауап берді.