Көшпенділер әлемі
Көшпенділер әлемі
277
оқылды

2019 жылдың 29-30 маусымы аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында кезекті IV халықаралық Kóshpendiler Álemi этнофестивалі өтті.

Қала маңында фестиваль үшін арнайы ержүрек жауынгерлер, айбынды садақшылар, қолөнершілер мен музыканттар тұратын киіз үйлер тігілді. Екі күн ішінде әрбір ауылда қызықты іс-шаралар өтті.

«Ақ мерген» ауылында – садақшылардың өнер көрсетуі; «Асау» ауылында – жамбы ату; «Алмалы» ауылында – қолөнершілердің киіз, былғары және керамикадан жасалған бұйымдар жасау бойынша мастер-класстары, «Ақ сүйек» ауылында – ұлттық ойындар мен т. б. ұйымдастырылды.

Нео-этнофольклорлық «Аркайым» тобының, Тюргэн Кам, «Тұран» этно-фольк тобының және басқа да орындаушылардың музыкалық қойылымдары көрермендерді көшпенділер әлеміне баурап әкетті.

Жақын және алыс шетелдерден келген қатысушы-командалардың көрсетілімдері фестиваль бағдарламасының басты бөлігі болды. Ағымдағы жылы шараға Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей командалары қатысты. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы қатысушылар саны екі есе өсті. Егер 2018 жылы жарысқа 5 команда құрамында 90 адам қатысса, 2019 жылы 10 команда құрамында 180-нен астам адам қатысты.

2008 жылдан бастап Венгр Халық Республикасында өткізіліп келе жатқан түркі халықтарының үлкен Құрылтайдың моделіне негізделеді, ал жобаның бас кеңесшісі ретінде үлкен Құрылтайдың ұйымдастырушысы - белгілі ғалым-антрополог Андраш Биро бастаған "Magyar Turan" қоры.