Тілеухан Әбілдаев жаңа қызметке тағайындалды
Тілеухан Әбілдаев жаңа қызметке тағайындалды
159
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалын басқарады. Тілеухан Шілдебайұлы бұл саланы осыдан 6 ай бұрын да басқарған. Алайда ол 2019 жылдың желтоқсан айында тікелей қалалық әкімдікке қарайтын Қоғамдық денсаулық басқармасына ауысып кеткен еді.
«Тілеухан Әбілдаев «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры болып тағайындалды. Филиалдың бұрынғы директоры Атырау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасына басшы болып кеткендіктен, бұл орын бос болды. Оның орнына Әбділдаев қайта келді, өзіне таныс жұмыс. Біз халыққа көрсетіліп жатқан көмектің сапасын бақылаймыз. Ұжымда 50 шақты қызметкер бар. Мәселен, коронавирус жұқтырған және осы індетке қарсы жұмыс істеген медқызметкерлерге төленетін ақша да осы қор арқылы өтіп жатыр», - деді филиалдың қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Шынар Әлжанова.
Қордың Алматыдағы филиалы 2017 жылы ашылған кезде де алғашқы директоры Тілеухан Әбілдаевтың өзі болған. Ал, ол Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ауысқан сәтте елдегі ең қиын проблемалармен бетпе бет келді. Мәселен, 2019 жылдың желтоқсан айында Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, жараланған жолаушылар мен экипаж мүшелерін емдеу ісін ұйымдастыру тікелей басқармаға міндеттелді. Одан кейін «Қордай қақтығысында» жараланған азаматтарды да сауықтыру шаралары Алматыда жүргізілді. Көктемде жаппай тараған пандемиямен күресу кезіндегі қаладағы жауапкершілік Әбілдаев жетекшілік еткен басқармаға жүктелді.