Көк Жайлау Ұлттық паркке қайтарыла ма?

Көк Жайлау Ұлттық паркке қайтарыла ма?

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өз парақшасында Көк Жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Ол бұл мәселені оңтайлы шешу үшін ел Премьер-Министрі Асқар Маминге хат жолдады. «Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев. Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ