Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
138
оқылды
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкіметтің қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.