Жүйелі жұмыс нәтижесі
Жүйелі жұмыс нәтижесі
182
оқылды

Ішкі істер министрлігінің хабарлауы бойынша елдегі құқықтық тәртіп пен заңды­лықты қамтамасыз ету кү­ші­не енген. Қылмысқа қарсы күрес бойынша қабыл­данған шаралар нәтиже берді. Биылғы 5 айдың қорытындысы 2018 жылмен салыстыр­ғанда жедел жағдайдың тұрақтанып, құқықбұзушы­лықты тіркеу санының төмендегенін көрсетті.

Биыл қылмыстық құқықбұзу­шылықты тіркеу 10 мың тұрғынға шаққанда 161-ден 145-ке дейін төмендеп, оң нәтиже көрсеткен. Аса ауыр қылмыс саны 7,7 па­йыз­ға (778-ден 718-ге дейін), ор­таша ауыр қылмыс саны 12,4 пайызға (84 011-ден 73 594-ке де­йін), ауыр емес қылмыс саны 4,7 пайызға (15 589-дан 14 863-ке дейін) тө­мен­­деді. Қылмыстың жалпы ашы­лу саны 73,8 пайызды құрады, оның ішінде аса ауыр санаттағысы – 87,3%, ауыр са­натта – 72,7%.

Қасақана кісі өлтіруді тіркеу 460-тан 350-ге дейін қысқарған. Қылмыстың тексерілуі 87,6 па­йыздан 88,7 пайызға дейін жақ­сарды. Жалпы, жұмыстың ұйым­дастырылуын қамтамасыз ету, қылмыстың уақытылы ашылуын қадағалау – ашылмаған қасақана кісі өлтіру дәйектемелерінің азаюы­на, өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.

ІІМ-нің 2019 жылғы 12 сә­уірдегі №296 бұйрығымен 2019-2020 жылдарға арналған қаса­қана кісі өлтіруге қарсы іс-қи­мыл жөнінде жол картасы бекі­тілді. Іске асырылуын Крими­налды полиция департаменті басшылығы бақылайды. Биыл ведомстволық бақылау тәрті­бінде 60 қылмыстық-іздестіру ісі, кісі өлтіру ісі бойынша 56 іс қаралды.

2018 жылмен салыстыр­ған­да, биыл мүлікке қарсы қыл­мыс саны 8,6 пайызға кеміген (96 710-нан 88 336-ға). Тонау – 10,4 пайызға (3 305-тен 2 962-ге), қарақшылық шабуыл – 1,5 па­йызға (266-дан 262-ге), ұрлау 12,9 пайызға (73 271-ден, 63 802-ге) қысқарды.

Жалпы, меншікке қарсы қыл­мыстарды тіркеудің төмен­деуі 2015 жылдан бері байқалады. 2015 жыл қорытындысы бо­йынша – 286 686, 2016 жылы – 282 070, 2017 жылы – 251 163, 2018 жылы – 234 438, 2019 жыл­дың 5 айында 88 336 қылмыстық іс тіркелген.

Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл мәселелері – ІІМ қызмет­керлерінің қатаң бақылауында. Криминалды полиция депар­таменті 2014 жылдан қазіргі уа­қытқа дейін мал ұрлығы факті­леріне талдау жүргізді. Осы ара­лықта 71 993 мал ұрлығы жа­салды. 2010 жылы – 3 432, 2011 жы-
­­­лы – 8 553, 2012 жылы – 9 925, 2013 жылы – 11 011, 2014 жы­лы – 100 22, 2015 жылы – 8 004, 2016 жылы – 7 329, 2017 жылы – 6 391, 2018 жылы 5 598 мал ұрлау фактісі тіркелді.

Мал ұрлығының жолын кесу және ашу бойынша жұмыс ведомстволық бағдарлама шеңберінде жүргізілетін іс-шаралармен ғана шектелмей, алдын алу мақсатында жергі­лікті тұрғындар да белсенділік та­нытып жүр. Ауыл шаруа­шылығы министрлігі бөлім­шелері де өзара іс-қимылға көшті.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ