Қытайдың Гуанси провинциясындағы бастауыш мектеп күзетшісі 40-қа жуық адамды пышақтап, жарақаттады, – деп хабарлады thepaper.cn-ге сілтеме жасап «ҚазАқпарат» агенттігі. Оқиға бүгін таңғы 9-да болған. 50 жастағы баукеспе бастауыш мектепте күзетші болып істеген. Мәселемен таныс жергілікті тұрғынның айтуынша, шабуыл салдарынан 40-қа жуық оқушы мен оқытушы зардап шекті. Олардың үшеуі, атап айтқанда, бастауыш мектептің директоры, тағы бір күзетші және оқушы ауыр жарақат алды. https://youtu.be/EFtSrOq_77U Мектептің кіреберісінде көп адам жиналып, жедел жәрдем көліктері келіп, балаларды ауруханаға жеткізіп жатқаны туралы бірнеше бейнеролик желіде таралып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, журналистерге зардап шеккендердің көпшілігі шамамен 6 жасқа дейінгі, мектеп алды даярлық тобында оқитын балалар екенін айтты.