Барлық өңірде Абай мектеп-интернаттары ашылады – министр
Барлық өңірде Абай мектеп-интернаттары ашылады – министр
Фото: Интернеттен алынды
146
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның 10 өңірінде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаты ашылатынын айтты. Министр онлайн есеп беруде жиынында: «Абайдың 175 жылдығы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары желісін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл мектептер 10 өңірде ашылды. Енді жыл соңына дейін қалған 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деді.