Селфи жасап тұрып көз жұмғандар көбейді
Селфи жасап тұрып көз жұмғандар көбейді

Әлемде ерекше жерде тұрып ерекше селфи жасаймын деп көз жұматындар көбейген. Соған байланысты бірқатар елдер селфи түсіруге қатысты түрлі ереже енгізу туралы шешім қабылдап жатыр. Бұл туралы Француздың Le Figaro газеті жазды.

Мәселен, Үндістанда селфи жасау үшін арнайы орын бөлінген. Ресей полициясы адамдар арасында «Қауіпсіз селфи түсіру ережесін» таратып, адам өмірі жақсы селфиден де қымбат екенін түсіндірумен айналысуды бастапты. Польша атақты Освенцим музейінде селфи жасауға, оны әлеуметтік желіге орналастыруға заңды түрде тыйым салды.

Осы жылдың өзінде-ақ АҚШ-та селфи жасау кезінде 41 адам көз жұмған. Олардың көбі Үлкен шатқалда селфи жасаушылар.

Бразилия, Германия, Вьетнам тұрғындары автокөлік пен мотоциклде селфи жасағанда қаза табады екен. Биік ғимараттар мен тауда селфи жасаушылар да өз өміріне қауіп төндіріп жатады.

Жалпы, 2011-2017 жылдар аралығында селфи жасау кезінде 259 адамның қайтыс болғаны анықталып отыр.