Елбасы төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысы туралы репортаж көрсетіледі
Елбасы төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысы туралы репортаж көрсетіледі
Бүгін республикалық телеарналар Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысына арналған арнайы репортажды көрсетеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында хабарлады. «Бүгін республикалық телеарналардың эфирінде видеоконференция байланысы арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысына арналған арнайы репортаж көрсетіледі», деп жазды Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында. Ол телеарналар эфирінде бүгін сағат 21:40-та шығатын репортаждың бір бөлігін жариялады.