157 үйді жөндеп, 150 баланы қабылдайды

157 үйді жөндеп,  150 баланы қабылдайды
157 үйді жөндеп, 150 баланы қабылдайды

Жарылыстан қираған Арыс қаласын қалпына келтіру мен төтенше оқиғадан зардап шеккен тұрғындарға материалдық, мораль­дық қолдау көрсетуден еліміздің бірде-бір аймағы шет қалмады. Алматы облысының тұрғындары да бірден көмек қолын созып, он жүк көлігінен тұратын қайырым­дылық керуенін жөнелтіп, оларда тиелген азық-түлік пен киім-кешекті және тағы басқа да бірінші кезекте қа­жетті дүниелерді арыстықтарға тапсырып қайтты. Ал жетісулық құрылысшылар Арыс қаласының Алматы облысына жүктелген бөлі­гіндегі тұрғын үйлер­ді жөндеуге кірісіп те кетіпті. Бұлар жайында Талдықорғандағы Журналистер үйінде өткен бри­финг­те облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Жетісулық құрылысшылар барлығы 157 үйді қалпына келті­реді. Өткен аптада об­лыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастаған жұмыс тобы Арыс қаласына барып, жағдайды өз көзі­мен көріп, атқарылар жұмыс ауқымын анықтап келіпті. Жұмыс тобы құрамында сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құры­лыс бақылау басқармаларының же­тек­шілері мен «УКС», «Град­центр», «Жөн­деу-Құры­лыс», «Нұр-Шапағат-Құрылыс», «ТехноСнаб-2002» ЖШС құрылыс ком­пания­ларының өкілдері болды.

– Арыс қалсындағы төтен­ше жағдай хал­қымыздың бір­лігі мен ынтымағын тағы көрсетті. Қазақстандықтар алғашқы күн­нен бастап арыс­тық­тарға көмек қолын соз­ды. Жетісу жұртшылығы да сырт қал­ған жоқ. Біз қай кезде болмасын, қайы­рымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсете білеміз. Соған сай бұл жолы да қо­лымыздан келген­нің барлығын жасау­дамыз. Өңірдің мемлекеттік қызмет­ші­лері бір күндік еңбека­қы­ларын «Түркістан» әлеуметтік қорына аударды. Алғашқы авто­керуенді жөнелтуге об­лыс­тың барлық тұрғыны атса­лыс­ты, 56 миллион теңгенің дү­ние мүлкі мен азық-түлігі жеткізілді. Қа­зіргі кезде тағы 17 миллион теңгенің азық-түлігі, киім-кешегі және тағы бас­қа заттар жиналды. Кәсіпкерлеріміз арыс­тықтарға көмек ретінде 50 миллион тең­­геден астам қаржы аудар­ды. Сонымен бірге, 150 бала­ны қабылдап, Еңбекшіқазақ ау­даны мен Қапшағай қала­сын­да ор­наласқан лагерьлерде жаз бойы демал­дыр­мақпыз, – деген Амандық Ғаббасұлы апат­тың айтып келмейтінін тағы бір қай­талап, сақтық шараларының барынша кү­­шей­­­тілгенін де еске салды. Же­тісулық құрылысшылар өздеріне жүктелген мін­детті бір айда орындауға тыры­са­тын­­ын мәлімдеді.

Болат Бектұр,

Алматы облысы