Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы өте жоғары болғандықтан, өрт қаупі бар.