Лотерея өткізгенге жаза енгізіледі
Лотерея өткізгенге жаза енгізіледі
207
оқылды
Елімізде сот жүйесі жетілдіріліп жатыр. Палата басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен отырыста сенаторлар осыны қарастыратын заң жобасын қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. ­Сенат Төрағасы «Азаматтық процестік кодекске соттар жұ­мы­сының заманауи формат­тарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мә­селе­лері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңы сот жүйесін жаңғыртуға ба­ғыт­талғанын атап өтті. – Азаматтық процестік ко­декске енгізіліп отырған түзе­ту­лер Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша әзірленді. Қабылданған өзгерістер мен то­лықтырулар сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға және басыартық сот рәсімдерін қысқартуға септігін ти­гізеді. Сондай-ақ заманауи элек­тронды сервистерді енгізуге, азаматтардың еліміздегі сот жүйе­сіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан кодекске енгізілген түзетулер сот төрелігінің жеделдігін және тиім­ділігін қамтамасыз етіп, сот жүйе­сінің одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәу­лен Әшімбаев. Қабылданған құжат қазіргі жағдайда соттасу форматын, та­туласу рәсімдерін дамытады, аза­маттық процесті цифрлан­ды­рады, соттың күрделі емес мәсе­лелерді тараптарды шақырмай-ақ қарауына байланысты про­цестік әрекеттерді оңтайлан­ды­рады, артық процестік әрекеттер мен сот актілерін қысқартады. Бұдан бөлек, отырыс бары­сында сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай­дың кедендік шекаралары ар­қылы өтетін тауарлар, халық­аралық тасымал, көлік құралдары жөнін­де ақпарат алмасуды қа­расты­ратын келісімді ратифи­ка­ция­лады. Құжат ҚХР-дың экс­порт­тық декларациясынан та­уар­лардың саны, көлемі және құ­ны жөніндегі ақпараттарды онлайн режимде алуға, сыбайлас жемқор­лық тәуекелдері мен өз­а­ра кеден­дік статистика алшақ­тығын азай­туға, бюджетке түсе­тін түсімді ұлғайтуға жол ашады. Сондай-ақ депутаттар «Кей­бір заңнамалық актілерге соғыс жағ­дайы мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңды бірден екі оқы­лымда қарап, қабылдады. Бұл заң қазіргі заманғы қауіп-қатер­лер жағдайында мемле­кеттің қор­ғанысқа дайындығы заңна­ма­сын одан әрі жетілдіруді көздейді. Құжат Президенттің соғыс жағдайы кезеңіндегі, ол енгізіл­генге дейінгі іске асыратын өкі­леттіктерін нақтылайды және толықтырады, Қарулы күштердің Сенат «Кейбір заңнамалық актілерге лотереялар және лоте­рея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасын бір­ден екі оқылымда қабылдады. Ол лотерея операторы болып са­нал­майтын тұлғаларға лотерея өткіз­гені үшін жаза енгізеді. Лотерея операторынан басқа­лар­ға лотерея таратуға, өз лоте­реясын жарна­малауына тыйым салынды.  

Ерік ЕРДЕН