Мигранттар еліне қайтты

Мигранттар еліне қайтты

Түркістан облысы Са­рыағаш ауданындағы қазақ-өзбек шекарасын­дағы «Жібек жолы» беке­тін­дегі автовокзалға бір­неше ай түнеген жүздеген тәжік мигранты Өзбекстан арқылы Тәжікстанға кетті. Өзбекстан коронавирус пан­де­миясына байланысты 23 нау­рыз күні шекарасын жапты. Со­дан кейін Өзбекстан арқылы өтетін көрші елдердің азамат­тарына шекарадан өтуге рұқсат беруді тоқтатты. Осыдан соң Қа­зақ­станда жұмыс істеп жүрген жүз­деген тәжікстандық еліне өте алмай қалған болатын. Айта кету керек, карантинге байланысты шекара аймағында қалып қойған, шекара бекетінің маңындағы автовокзалды па­налап жүрген 234 тәжік мигранты 2 мау­сым күні күндіз ас-сусыз, баратын жері болмаған соң на­разылық танытқан болатын. Олар бірнеше айдан бері шекара­д­ан өте алмай жатқанына налып, Тә­жік­стан би­лігінің жайбасар­лығына қапа­лан­ған еді. Сол күні түнде «Жібек жо­лы» шекара бе­кетінен Өзбек­станға өтіп, Тәжікстанға кетті. Қазақстанда қалып қой­ғандары да бар. Әкім­дік маман­дары бекетке жиналған тәжік мигранттары Тә­жік­стан­ның Ход­жанд және Хатун облы­сынан келгенін айтады.  

Ә.ЖҰМАНОВ