Карантин тәртібін сақтамаған мектеп түлектерін жауапқа тартты
Карантин тәртібін сақтамаған мектеп түлектерін жауапқа тартты
Фото: Интернеттен алынды
146
оқылды
Телеарнаның хабарлауынша, кей өңірде түлектер заңға қайшы әрекеттерімен көзге түсті. Олар карантин талабын сақтамай, жол ережелерін де бұзды. Жаңаөзенде мектеп бітірушілер көліктерді шығарып кортеж ұйымдастырса, Қарағандыда облыстық әкімдіктің бетон қоршауын көлікпен соққан. Жаңаөзендік мектеп түлектері 16 көлікпен сап түзеп аттестат алғандарын атап өткен. Соңғы қоңыраудан кейін сауық құрғандардың арасында 18 жастағы бозбалалар да 25-тегі жігіттер де бар. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті, бүгін ережеге бағынбағандарды жауапқа тартқанын хабарлады. 17 жастағы қарағандылық мектеп түлегі көлікпен облыстық әкімдік ғимаратының бетон қоршауына соғылған. Көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра достарымен серуендеуге шыққан. Тізгінге ие бола алмаған ол полиция келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оларды көліктің ішінде ұмытып кеткен түлектер лентасы арқылы тауып алды. Енді ол 160 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков: «18 жасқа толмаған. Жол оқиғасынан кейін ешқандай жарақаттанған жоқ. Жаңағы көлік өз атында. Жол оқиға бойынша 60 МРП төлейді. ЖКХ-ға келген шығынның бәрін төлейді», – деді.
Тәртіп бұзған балалар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, айыппұл мен әкімдікке келген шығынды оның ата-анасы төлеуге міндетті. https://youtu.be/33UuQCDfr1k