«Самұрық-Қазына» «Қазпоштаны» сатып жатыр
«Самұрық-Қазына» «Қазпоштаны» сатып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
133
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қорды басқару жөніндегі кеңесте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың қарамағындағы бірнеше компания сатылатынын айтты.
«Келесі компания – «Қазпошта». Осы жылдардың ішінде «Самұрық-Қазына» компанияға 28 млрд теңге инвестиция бағыттады. Шалғай аудандардағы желілерінде 8 млрд теңге шығыны бар. Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін субсидия 4,2 млрд теңгені құрайды. Сондықтан кеңесшілер тікелей атаулы сатуды ұсынады», – деді Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. «Әрине, бұл жұмыстар да оңай емес. Дегенмен, мақұлданған жағдайда біз оны барынша табысты жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын»,– деді Ахметжан Есімов. Айта кетейік, біз бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялар жекешелендірілп жатқанын жазған болатынбыз.