Жауапсыз мердігерді сынға алды
Жауапсыз мердігерді сынға алды
160
оқылды
Орал қаласындағы Әлия Молдағұлова көшесі бойын­дағы жол жөндеу жұмыс­тарын тексеру үшін арнайы рейд жүргізілді. Nur Otan партиясы жанын­дағы партиялық бақылау ко­миссия­сының бастамасымен өткен рейд­ке қалалық мәслихат депутат­тары, партиялық бақылау комиссиясы­ның және партияның белсенді мүшелері қатысты. Шараға мер­дігер компания өкіл­дері де шақыр­тылды. Бірақ бел­гісіз себептермен олар кездесуге келмеді. Жүргізіл­ген тексеріс барысында 2019 жылы «Мара­сант» ЖШС мердігер ата­нып, күрделі жол жөндеу жұмысын жүргізгені белгілі болды. – Осы мәселе аясында Nur Otan партиясына ерекше алғыс білдіргім келеді. Қашанда ха­лықтың қамын ойлаудан шар­шаған емес. Бұған дәлелдер де жеткілікті. Әр адам өз мойнына жүктелген жұмысты үлкен жауап­кершілікпен орындауы тиіс. Бұл жұмысқа күрделі мәселелерді көтеріп жүрген партия кіріспесе, күрмеулі мәселе жабулы қазан күйінде қалуы мүмкін еді, – дейді өңір тұрғыны Айда Маратова. Жолды қабылдау кезінде жол­дың сапасы толық қанағаттан­дырылмағандықтан, мердігерге қайтадан жөндеу жұмыстарына біраз уақыт берілген. Алайда мердігер ешқандай жұмыс жүр­гізбей жолды сол қалпында қал­дырған. Осыған орай комиссия мүшелері жоғарыда аталған мәселе бойынша мердігер ком­панияға сот арқылы олқылық­тарды түзету жө­нін­де хаттама толтырып, жауапты органдарға жіберетінін жеткізді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ