Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы карантин кезінде де азаматтарды қабылдауды тоқтатқан жоқ. Филиал басшылығы да, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары әлеуметтік желі арқылы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге жәрдемін тигізді. Қабылдау қазіргі уақытта да жүргізіліп жатыр. Партияның Қостанай облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова азаматтарды онлайн түрде қабылдады. WhatsАpp мессенджерінің видеоқоңырауы арқылы партия көмегіне жүгінген азаматтар кездесу барысында мәселелерінің оң шешім тапқанына қуанды. Қабылдауға қатысқан көпбалалы ана жалдамалы үйге өз бетінше кезекке тұра алмағанын айтты. Онлайн қабылдауға қатысқан Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің бастығы Геннадий Колчанов бұл мәселеге түсініктеме берді. Кездесуде жалға берілетін пәтер алу және кезекке тұру мәселесі бойынша өзге азаматтар да көмек сұрады. Әр азаматқа жекелеген сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сөз соңында облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова қабылдауда талқыланған әр мәселе мен оның шешімі өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.
А.ЖҰМАШ